Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Кәсіби практиканың шарттарымен таныстыру бойынша кездесу

22.01.2020

2020 жылғы 21 қаңтар күні М.Бөкенбаев атындағы АЗИ бастығының орынбасарының м.а. полиция полковнигі А.Ж.Сейтенов пен М.Бөкенбаев атындағы АЗИ ІІО әкімшілік қызметі кафедрасының бастығы полиция подполковнигі А.Сахарбай Институттың бітіруші 2Б курсымен кәсіби практикадан өту және оны қорғау шарттарымен таныстыру бойынша кездесу ұйымдастырды. Кездесу барысында кәсіби практикадан өтудің және оны қорғаудың шарттары сұрақ-жауап әдісі арқылы түсіндірілді. Сонымен қатар, әрбір курсантқа кәсіби практикадан өтуге арналған құжаттардың үлгілері мен күнделік таратылды. Қажетті құжаттарды толтыру тәртібі мен ерекшеліктері түсіндірілді.

Кездесу соңында институттың басшылық құрамы мен топ кураторлары курсанттарға өздерінің алғысын айтып, болашақ қызметте сәттілік тіледі.   

ІІО ӘҚ кафедрасының бастығы

полиция подполковнигі                                         

Сахарбай А.

 
02212018 03220071 IMG_1395 IMG_4620 IMG_5292