Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Көктемгі күн мен түн теңесу мерекесі

2018 жылғы 22 наурызда Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты Тұңғыш Президент Н.Ә.Назарбаев атындағы саябақта Ақтөбе облысының әкімдігі ұйымдастырған Наурыз мерекесіне қатысты.

Іс-шараның мақсаты – жастарды қазақ халқының салт-дәстүрін, халқымыздың мәдениетін сыйлауды және отансүйгіштікті кеңінен дәріптеу.  

Саябақ алаңында ағаш үйлер орнатылып, келген қонақтарға ұлттық тағамдарымыз Наурыз көже мен бауырсақтар ұсынылды. «Арқан тарту», «Асық ойнау» ұлттық ойындары мен «Гір көтеру», «Күш сынасу» спорттық ойындарынан сайыстар ұйымдастырылды.   

Мерекелік іс-шарада Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Мәшбекұлы Сапарбаев, институт бастығы полиция полковнигі Сәлімгерей Иманғалиұлы Қаракүшев, облыстық мәслихат хатшысы Сания Мұсақызы Қалдығұлова, институт ардагерлері, қызметкерлері және курсанттар қатысты.

Мерекелік іс-шара барлық қатысушыларға көктемгі көңіл-күй сыйлады.

ТЖБ инспекторы

полиция капитаны

З.А.Мухангалиева