2017 жылғы 14 қыркүйекте кәсіптік және қосымша білім факультетінде біліктілігін арттыру курсының тыңдаушыларына «Заң даярлығы» пәнінен №2 «Адам құқығын қорғаудағы халқаралық міндеттемелер» тақырыбына дәріс сабағы өткізілді. Сабақты Ақтөбе қаласының судьясы А.Н. Абдраева өткізді.
Оқу сабағы екі бөлімнен тұрды. Бірінші бөлімде полиция подполковнигі А. Каримбаева сабақтың мақсатына, дәрісте қарастырылатын сұрақтарға тоқталып, сабақ өткізуге келген қонақпен таныстырды, сонымен қатар адам құқығы мен бостандықтарын қорғаудың халықаралық механизмдері туралы мәлімет берді. Сабақтың екінші бөлімінде судья А.Н. Абдраева Қазақстан Республикасындағы сот жұмысының ерекшеліктеріне, Ұлт Жоспары аясында соттық жүйенің реформалануына, қылмыстық және азаматтық заңнамаларға енген жаңа нормаларға, оның ішінде судьяларға үміткерлерге қойылатын талаптар мен жұмыс жасап отырған судьяларға қойылатын талаптар туралы мәліметтер берді.
Дәріс беруші сот практикасында болған азаматтар мен ұйымдардың құқықтары мен заңды талаптарының орындалуы туралы түрлі мысалдар келтіріп өтті.
Дәрісті тыңдаушылар аса үлкен қызығушылықпен тыңдады. БАК-тың тыңдаушылар тарапынан қойылған барлық сұрақтарға дәріс өткізуші толық және жан-жақты жауап берді.
Дәріс сабағын қорытындылай келе, судья А.Н. Абдраева тыңдаушылардың жұмыстарына сәттілік тілей отырып, «Тиісті қызметтерге қойылатын талаптардың барлық жағдайларда өзгерусіз болатынын, ІІО қызметкерлеріне өз біліктіліктерін үнемі шыңдап отыру қажеттігін оның кәсіби шеберлікті шыңдауда, жаңа дағдыларды игеруде қажеттігін» айтты.
Қазақстан Республикасы ІІМ
М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты
Жалпы құқықтық пәндер
кафедрасының аға оқытушысы
полиция подполковнигі А.К.Каримбаева