Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

“Профилактикалық бақылаудағы адамдардың жаңа құқық бұзушылықтар жасауының криминогендік тәуекелдерін анықтау әдістемесі, сондай-ақ, оларға жол бермеу бойынша тиісті шараларды әзірлеу» тақырыбындағы ғылыми форум, диалогтық алаң.

13.11.2020

2020 жылға арналған ғылыми зерттеулер мен тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар жоспары шеңберінде Қазақстан Республикасы ІІМ Малкеждар Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты ІІО әкімшілік қызметі кафедрасы 2020 жылғы 12 қарашада “Профилактикалық бақылаудағы адамдардың жаңа құқық бұзушылықтар жасауының криминогендік тәуекелдерін анықтау әдістемесі, сондай-ақ оларға жол бермеу бойынша тиісті шараларды әзірлеу”тақырыбында ғылыми форум, диалогтық алаң өткізді.

Форумға кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы, күндізгі оқу бөлімінің курсанттары мен алғашқы кәсіби даярлық курсының тыңдаушылары қатысты.

Іс-шараның модераторы ІІО ӘҚ кафедрасы бастығының м.у.а., полиция подполковнигі А. С.Махмутов болды.

Ғылыми форум барысында 3 курстың 301, 303, 304 және 305-оқу топтарының курсанттары А. Әмірханова, Н. Қиюбек, А. Афанасьева, А. Саймағамбетов және алғашқы кәсіби даярлық курсының 11-оқу тобының тыңдаушысы А. Сандыбаева мәлімделген тақырып бойынша баяндама жасап, ІІО-да профилактикалық есепте тұрған адамдардың жаңа құқық бұзушылықтар жасауының себептері мен шарттары, ІІО-да профилактикалық есепке қою негіздері және  ІІО-да профилактикалық тұлғалар тарапынан құқық бұзушылықтарға жол бермеу мәселелерін қозғады.

Ғылыми форумды қорытындылай келе, А.С. Махмутов осындай іс-шараларды өткізудің үлкен практикалық маңыздылығын атап өтті. Жалпы, форумдағы қарым-қатынас жанды сипатқа ие болды, қатысушылар баяндамашыларға өзекті сұрақтар қойып, профилактикалық есепте тұрған адамдардың алдын алу және жаңа құқық бұзушылықтарға жол бермеу саласындағы заңнаманы жетілдіру бойынша өз пікірлері мен ұсыныстарын білдірді.

ІІО ӘҚ кафедрасының оқытушысы

полиция майоры                                                                 

А.А. Алмагамбетова

 
SAMSUNG CSC 2 IMG_5455 IMG_9417 IMG_6840