Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Ресей ІІМ Воронеж институтымен онлайн байланыс жүйесінде өткізілген «Ресей Федерациясындағы заңсыз көші-қонға қарсы іс-қимыл: қазіргі жағдайы, проблемалар және шешу жолдары» тақырыбындағы семинар

2019 жылғы 14 қарашада Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты Ресей ІІМ Воронеж институты өткізген «Ресей Федерациясындағы заңсыз көші-қонға қарсы іс-қимыл: қазіргі жағдайы, проблемалар және шешу жолдары» тақырыбындағы онлайн-семинарға қатысты.

Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтынан бастықтың ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары, заң ғылымдарының кандидаты полиция полковнигі Галия Жанабекқызы Сулейманова «Обзорный доклад по проектам в сфере безопасной миграции, требующих взаимодействия различных государственных органов и общественных формирований» тақырыбында баяндама жасады.

Семинар жұмысына Ресей ІІМ Воронеж институтының, Ресей ІІМ В.В.Лукьянов атындағы Орлов заң институтының, Ресей ІІМ И.Д.Путилин атындағы Белгород заң институтының профессорлық-оқытушылық құрамы, курсанттары мен тыңдаушылары қатысты.

Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының базасында өткізілген «Құқық қорғау органдарының жаңа болмыстағы заманауи қызметін жетілдіру» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция жұмысына, сондай-ақ аталған онлайн-семинарда пікірталасқа Ресей ІІМ Қиыр Шығыс заң институты бастығының көмекшісі (халықаралық ынтымақтастық бойынша), полиция подполковнигі К.Н.Браженский,Ресей ІІМ Орал заң институтының әкімшілік құқық және ішкі істер органдарының әкімшілік қызметі кафедрасының бастығы полиция полковнигіА.С.Барабаш, Ресей ІІМ Уфа заң институтының қылмыстық құқық және криминология кафедрасының бастығы, заң ғылымдарының кандидаты, доцент полиция полковнигіИ.Р.Диваевақатысты.

Іс-шара соңында семинарға қатысушылар бір-біріне алғысын білдіріп, алдағы уақытта да жемісті ынтымақтастыққа үміт білдірді.

ҒЗжРБЖҰ бөлімінің бастығы

полиция подполковнигі

А.Каримбаева

 
07