Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

«САЙЛАУ ЖӘНЕ САЙЛАУ ЖҮЙЕЛЕРІ»ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ АШЫҚ СЕМИНАР САБАҒЫ

2019 жылдың 11 сәуірінде Жалпы білім беру пәндері кафедрасының аға оқытушысы, полиция майоры А.Ж. Жарасхан “Жылдың үздік оқытушысы” байқауы аясында «Саясаттану» пәні бойынша 1А курсының 103-оқу тобының курсанттарына «Сайлау және сайлау жүйелері» тақырыбында ашық семинар сабақ өткізді.

Ашық семинар сабағына Ғылыми кеңестің ғылыми хатшысы, Оқу-әдістемелік орталығы мен Білім сапасын мониторингілеу және бақылау бөлімінің оқытушы-әдіскерлері қатысты.

Семинар сабағын өткізу барысында екі сұрақталқыланды:

1. Сайлау рәсімі және сайлау науқаны. 

2. Қазақстанның сайлау жүйесінің ерекшеліктері.

Ашық сабақ ойын түрінде өтті, бірінші турда курсанттар екі топқа бөлініп, блиц-сауалнама, ситуациялық есептер, карточкалар мен тест сұрақтарына жауап берді. Ал екінші тур «жастар омбудсменін» сайлауға арналды. Курсанттар арасынан омбудсменді сайлау науқанына қатысатын үміткерлердің дайындаған бейнероликтері көрсетіліп, әрі қарай сайлау өтті. Жастар омбудсмені болып 1А курсының 103-оқу тобының курсанты Шалатай Майлыбаев сайланды.

ЖББПкафедрасының аға оқытушысы

полиция майоры

Жарасхан А.Ж.

 
14