Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Спорт күні

19 тамыз – Қазақстан Республикасының спорт күні және Құрбан айт күні мерекелеріне орай, Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының ауыспалы құрамы арасында шағын футболдан және волейболдан жолдастық кездесу ұйымдастырылды.
2018 жылы 18 тамыз күні жолдастық кездесу волейболдан спорт залда өтсе, шағын футболдан спорт алаңында өткізілді.
Волейболдан бас төреші Нұрлан Асхатұлы Таласбаев, шағын футболдан бас төреші Айбек Қабашұлы Қосмұратов ойынның ережелерімен таныстырды.
Ойынға ер балалар арасында 8 команда, қыздар арасында 2 команда қатысты.
Волейболдан ер балалар арасында ұпай санымен Ақтөбе командасы (1 А курсы 101 оқу тобы) алға шықты. 2-ші орынды Капитал командасы (1 Б курсы 102 оқу тобы), 3-ші орынды Динамо командасы ( 1 А курсы 104 оқу тобы) иеленді.
Волейболдан қыз балалар арасында ұпай санымен Жастар командасы (1 А курсы 101 оқу тобы) алға шықты. 2-ші орынды Курсант командасы (1 Б курсы 102 оқу тобы) иеленді.
Марапаттау рәсімінде Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының әскери және дене шынықтыру даярлығы кафедрасының бастығы полиция полковнигі Мейрамхан Дайрабайұлы Нұршаев жүлделі орындарға ие болған командаларды мақтау қағазымен марапаттады.

Қазақстан Республикасы ІІМ М. Бөкенбаев
атындағы Ақтөбе заң институтының
ӘжДШД кафедрасының оқытушысы
полиция капитаны Д.А. Дүйсембаева