Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Суицидтің алдын алу шараларына арналған отырыс

2020 жылдың 18 қыркүйегінде ҚР ІІМ М. Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтында суицидтің алдын алу шараларына арналған идеологиялық жұмыс бөлімінің кезекті отырысы курс бастықтары мен топ кураторларының қатысуымен өткізілді.

Күн тәртібінде келесі мәселелер қарастырылды:

-Курсанттар арасында суицидтік белгілерді ерте анықтау;
-Дер кезіндегі медико-психологиялық, психо-эмоционалдық көмек;
-Суицидтің алдын алу мақсатында курсанттарды пайдалы ұжымдық жұмысқа тарту;
-Институт ішіндегі жалпы бірыңғай іс-шара жұмыстары.

Кезекті жұмыс тобының отырысы инспектор-психолог А.Н.Бердіғалиеваның тоқсандық жоспарына сәйкес жүргізілді. Бұл отырыста кешенді жұмыстардың нәтижелі іске асыру шараларының маңыздылығына тоқталды. Қатысушылар суицидтің алдын алу жұмыстарының жоспарын және іс-әрекеттерін пысықтады.

ИЖБ инсектор-психолігі

А.Н.Бердіғалиева

 
SAMSUNG CSC IMG_0597