Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Тәжірибелі қызметкерлерді тарту мақсатында жаңа бастаған оқытушылар мектебі шеңберінде “Суицид, оның себептері және алдын алу ” тақырыбында өткен дәріс ақпараты

Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының жұмыс жоспарына сәйкес Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру мақсатында 2018 жылғы 24 мамырда Жаңа бастаған оқытушылар мектебі аясында Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университеті әлеуметтік – психологиялық қолдау бөлімшесінің басшысы Жанна Адилхановна Қадырова ханым дәріс оқуға шақырылды. Дәріс өткізуге “Суицид, оның себептері және алдын алу” атты өзекті тақырып таңдалды. Дәрістің негізгі міндеті – қауіп-қатер тобына жататын тұлғаларды анықтау,  оларға практикалық және теориялық көмек көрсету.
Дәріске жас оқытушылар ғана емес және де үлкен педагогикалық тәжірибесі бар тәжірибелік оқытушылар, сонымен қатар, институттың инспектор-психологі Мадина Расуловна Исламгалеева шақырылды.
Лектордың айтуы бойынша суицидтен әлемдік ресми статистикаға сәйкес еліміз 9-орынды иеленеді. Өзіне-өзі қол жұмсау статистикасының негізгі пайызы жасөспірімдерді құрайды.
Сабақ өте қызықты өтті, лектор азаматтық тұлғалар, сондай-ақ, құқық қорғау жүйесіндегі қызметкерлер арасынан көптеген өмірлік мысалдар  келтірді.
Институт қызметкерлерінің барлығы қатысып, аталған тақырыпты талқылап және лекторға сұрақтар қойды.

Оқу-әдістемелік орталығының
оқытушы-әдіскері
полиция капитаны                                                                         
Д. Муканова