Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

«Тәуелсіздік – тұғырым» атты салтанатты шарасы

2018 жылғы 14 желтоқсанда Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты еліміздің ұлттық мерекесі 16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін салтанатты түрде атап өтті.
Салтанатты кешті институт бастығы полиция полковнигі Сәлімгерей Иманғалиұлы Қаракүшев құттықтау сөзімен ашты. Ол қазіргі таңда Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың сындарлы саясатымен жүргізіліп отырған барлық саладағы оң бастамалар халқымыздың жарқын істерімен жалғасын тауып отырғандығын, барша жиынға қатысушылардың еңбектеріне табыс пен сәттілік тілей отырып, Қазақстан Республикасы ІІМ-нің және институт бастығының құқығымен берілген мақтау қағаздары және алғысхаттармен институт қызметкерлерін, институттың қоғамдық өміріне белсене араласып, білімі және үлгілі тәртібімен көрінген курсанттарды марапаттады.
Мерекелік шараға арнайы келген институттың Ардагерлер кеңесінің мүшесі Санабай Рзабекұлы Рзабеков пен отставкадағы полиция подполковнигі Валерий Александрович Сюняков мерекелік құттықтау сөзін арнады.
Мерекелік шара 1 Б курсының курсанттары дайындаған концерттік бағдарламаға ұласып, кеш әсерлі көңіл-күй сыйлады.

ТЖБ инспекторы
полиция капитаны
З.А.Мухангалиева

 
IMG_5174