Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Форум

2019 жылы 18 маусымда Ақтөбе қаласында Ақтөбе облысының ЖОО мен колледж жастарының істері жөніндегі төраға комитеттері біріктірілген “Жастардың өзін-өзі басқару органдарының жүйесін дамыту” әлеуметтік жобасы бойынша форум өтті.

Аталған форум жұмысына Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының курс бастығының орынбасары полиция майоры Р. К. Ракишев қатысты.

Кездесу барысында студенттер қауымдастығының әлеуметтік мәселелері, студенттік жатақханалардың жағдайы, қоғамдық көліктегі тарифтер және студенттік өзін-өзі басқару органдарының, Жастар ісі жөніндегі комитеттердің дамуы жөнінде бірқатар жоспарлар ұсынылды. ЖІК көшбасшыларынан басқа, талқылауға Ақтөбе қаласының Жастар ресурстық орталығының, Ақтөбе облысының “Өрлеу” педагогикалық біліктілігін арттыру орталығының және БАҚ өкілдері қатысты.

Форум нәтижесінде ЖІК көшбасшыларының облыстық Кеңесі және жұмыс тобы құрылды. Бұл ұйымдар жастардың өмір сүру жайлылығы мен білім сапасын арттыруда бірқатар жұмыстар атқарылатын  болады.

Естеріңізге сала кетейік, бұл жоба ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен “Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы” КЕАҚ мемлекеттік грантының негізінде жүзеге асырылуда.

Курс бастығының орынбасары

полиция майоры

Р. Рақышев

 
IMG_0919 IMG_2336