2017 жылғы 25-26 қыркүйекте Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтында әр облыстың ІІД-нен келген ҚАІІБ ЖПҚ жол-патрульдік қызметінің қызметкерлерімен өткізілген біліктілігін арттыру курсының аясында «Полиция қызметінің халықаралық ережелері мен стандарттары» тақырыбында Орталық Азиядағы Халықаралық Қызыл Крест Қоғамы (ХҚКҚ) аймақтық өкілдерінің қатысуымен семинар-тренинг өтті:
- Буланикли Халит, ХҚАҚ полицияның күші мен қауіпсіздігі жөніндегі аймақтық делегаты.
- Астабацян Ашот Альбертович, Орталық Азиядағы АӨ ХҚКҚ саяси ақпарат және құқық сұрақтары туралы департамент басшысы.
- Мухитдинова Зарифа Рахимовна, Орталық Азиядағы АӨ бағдарламасына жауапты қызметкер.
Семинарда келесі тақырыптар талқыланды:
– ХҚКҚ жұмысымен танысу және ХҚКҚ құқық қорғау органдарымен жүргізілетін жұмыс;
– атыс қаруын, дене күшін қолданудың халықаралық ережелері мен стандарттары;
– тінту және тұтқындау;
– P.L.A.N. қағидалары (тепе-теңдік, заңдылық, есеп беру және қажеттілік);
– әлсіз топтар;
– стресті басқару.
Семинар-тренинг қорытындысы бойынша барлық қатысушыларға халықаралық Қызыл Крест қоғамынан сертификаттар табысталды, ал ХҚКҚ өкілдері институт бастығының атынан алғысхаттармен марапатталды.
КжҚБФ аға әдіскер оқытушысы
полиция майоры
А.А.Сагынтаева


