Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

«ХХІ ғасырдағы құқық пен мемлекеттің өзекті мәселелері» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция

2019 жылғы 18 сәуірде Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты Ресей ІІМ Уфа заң институтында өткізілген «ХХІ ғасырдағы құқық пен мемлекеттің өзекті мәселелері» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның пленарлық мәжілісіне қатысты.

Ресей ІІМ Уфа заң институтынан бастықтың ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары, заң ғылымдарының кандидаты, доцент полиция полковнигі Алексей Юрьевич Терехов кіріспе сөз сөйледі. Конференцияға Ресей ІІМ Уфа заң институты, Башқұртстан Республикасы басшысының жанындағы Башқұрт мемлекеттік қызмет және басқару академиясының, Башқұртстан Республикасы Конституциялық сотының өкілдерінің, Шығыс экономикалық- гуманитарлық заң академиясының, Қазақстан Республикасы ІІМ Бәрімбек Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының, Башқұрт мемлекеттік университетінің құқық институтының, Тәжікстан Республикасы ІІМ Академиясының, Ресей ІІМ Омбы академиясының, М.Акмулла атындағы Башқұрт мемлекеттік педагогикалық университетінің, Беларусь Республикасы ІІМ Академиясының, Ресей ІІМ Барнаул заң институтының, Ресей ІІМ Воронеж институтының, Ресей ІІМ Мәскеу университетінің, Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының профессорлық-оқытушылық құрамы қатысты.

Осы пленарлық мәжілісте келесі мәселелер қаралды: Ресей қылмыстық заңнамасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы халықаралық-құқықтық стандарттарға сәйкестігі туралы; қылмыстық девиация: түсінігі, ерекшеліктері, қазіргі жағдайы; зияткерлік меншік құқығын қорғаудың өзекті мәселелері; заңгердің кәсіби қызметіндегі сөйлеу коммуникациясы; әкімшілік преюдициямен нормалар және қылмыстық іс-әрекеттер, олардың арақатынасы; полиция қызметкерлері бойында аурулардың даму қаупінің модификацияланған факторлары — тамақтану факторы; мемлекеттік емес сот-сараптама ұйымдарының сот сараптамаларының жаңа түрлері мен дәрежелерін жүргізу мәселелері туралы; кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі сот процесінде сот сараптамасын жүргізудің іс жүргізу және адамгершілік ерекшеліктері; жедел-іздестіру қарауы: проблеманы қою; ІІО қызметкерлерін құқықтық тәрбиелеудегі ақпараттық-насихаттау жұмысының рөлі туралы; киберқұқық Қазіргі Ресейдегі қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеу тетігінде; Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу заңнамасын дамыту және т. б.

ҒЗжРБЖҰ бөлімінің бастығы

полиция подполковнигі

А.К. Каримбаева