Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

«ІІО әкімшілік қадағалау» тақырыбында өткізілген ашық дәріс сабағы

2019 жылдың 12 наурызында «ІІО Әкімшілік қызметі» пәнінен  ӘҚ және ІІО ӘҚ кафедрасының доценті полиция одполковнигі Н.Қ.Оразалиннің «ІІО әкімшілік қадағалау» тақырыбында ашық дәріс сабағы өткізіліп, онда «Бас бостандығынан айыру орнынан жазасын өтеп шыққандарға әкімшілік қадағалау орнатудың негізі, мәнісі және түсінігі» және «Ішкі істер органдарында әкімшілік қадағалауда тұрған адамдарды есепке алуды ұйымдастыру және жүзеге асыру» атты 2 сұрақ қаралды.

Кіріспе бөлімінде оқытушы сабақтың тақырыбын хабарлап, оны өткізу жоспарымен таныстырды. Курсанттарға бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды әкімшілік қадағалау мәселелерінің өзектілігін түсіндірді.

Жалпы бөлімде рецидивті қылмыстың алдын алудың нысаны болып табылатын әкімшілік қадағалау, заңдылықты, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының кепілдіктерін сақтау негізінде іске асырылатын және ішкі істер органдарымен бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар тарапынан құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында олардың мінез-құлқын қадағалау түріндегі мәжбүрлеу шарасы ретінде белгіленген шектеулер сот қаулысы негізінде жүзеге асырылатын презентациялық материалдар көрсетілді.

Курсанттар өткізіліп жатқан шараға қызығушылықпен қарап,  қойылған сұрақтарға тез жауаптар беріп, көрсетілім бөліміне белсене қатысып отырды.

Қорытынды бөлімінде оқытушы курсанттарға әкімшілік қадағалауда тұрғандардың қадағалау ісімен таныстырды.

Сабаққа дайындалу кезінде әдістемелік өңдеу қолданылды және ашық дәріс сабақтарын жүргізуге арналған әдістемелік ұсынымдар, ІІО қызметінде бас бостандығынан айыру орнынан жазасын өтеп шыққандарға әкімшілік қадағалау орнатудың негізін және әкімшілік қадағалауда тұрған адамдарды есепке алудыжүзеге асыруды реттейтін нормативтік-құқықтық актілер қолданылды.

Өткізілген дәріс сабағына қатысушы профессорлық оқытушылар тарапынан оң баға беріліп, дәріс сабағын өткізу өз мақсатына жетті.

ӘҚ және ІІО ӘҚ кафедрасының доценті

полиция подполковнигі

Н.Қ.Оразалин.

 
20171215_103020 HZOfzoLwhRE