Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Қазақстандық аралас жекпе-жек күрескерімен кездесу

2020 жылғы 12 қарашада Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтына қазақ отандық күрекер, ММА-дан спорт шебері, қоян-қолтық ұрыстан спорт шебері, панкратионнан халықарлық дәрежедегі спорт шебері,жеңіл салмақтағыМ-1 Global чемпионы, қазіргі UFC жоғары лигасының жауынгері Сергей Николаевич Морозов келді.

   Іс-шара институт басшылығы мен дене шынықтыру кафедрасының оқытушы-профессорлық құрамымен  ұйымдастырылды. Спортшымен кездесу барысында тыңдаушылар спорттық қызмет туралы, жаттығу әдістемелері, тамақтану, психологиялық дайындық және т.б. қатысты көптеген сұрақтар қойды. Әңгіме соңында Сергей Морозов тыңдаушылар мен курсанттарға білім және  спорттық іс-әрекеттерді жетілдіруді, биік шыңдарды бағындыруды тіледі.

Жалпы, кездесу нәтижелі өтіп, ауыспалы құрам тарапынан үлкен қызығушылық туғызды, сондай-ақ, спортшы институт бастығы полиция полковнигі Ақан Есетұлы Қабдуевтің алғыс хатымен марапатталды.

Қазақстан Республикасы ІІМ М. Бөкенбаев

атындағы Ақтөбе заң институтының

дене шынықтыру кафедрасы

 
020 03220084 IMG-20180627-WA0045