Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауын насихаттауға арналған дөңгелек үстелге Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты қызметкерлерінің қатысуы

 Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты жалпы құқықтық пәндер кафедрасының бекітілген іс-шаралары жоспарына сәйкес, «Құқықтанушы» ғылыми үйірмесінің шеңберінде 2018 жылғы 30 наурызда жалпы құқықтық пәндер кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы мен институттың ҒЗжРБЖҰ бөлімімен біріге отырып,  дөңгелек үстел өткізді.

Кездесудің мақсаты 2018 жылғы 10 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың жыл сайынғы Қазақстан халқына «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауының негізгі бағыттарын түсіндіру болып табылды.

         Дөңгелек үстелге «НұрОтан» партиясының өкілі Ақтөбе облыстық мәслихат депутаты Дмитрий АдамовичДовматенко, №1 Ақтөбе қалалық сотының судьясы Айна Нурлановна Абдраева қатысты.

Аталған шараның төрағасы ретінде Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты бастығының ғылыми жұмысы жөніндегі орынбасары заң ғылымдарының кандидаты полиция подполковнигі Галия Жанабековна Сулейманова сөз алды.

Алғы сөзбен Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты бастығының оқу жұмысы жөніндегі орынбасары полиция полковнигі Дастан Амангелдіұлы Дәулетияров сөйледі.

Дөңгелек үстелде жалпы құқықтық пәндер кафедрасының оқытушыларының, сонымен қатар, Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты курсанттарының баяндамалары тыңдалды.

Дөңгелек үстелге қатысушылар жолдаудың маңыздылығын,  мемлекетіміздің төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктерінің ерекшелігін айтты. Өз жолдауында Елбасымыз еліміздің дамуына байланысты өзекті мәселелердің жауаптарын беретіндігімен анықталды.

Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша  Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты бастығының оқу жұмысы жөніндегі орынбасары полиция полковнигі Д.А. Дәулетияров аталған дөңгелек үстелге қатысқан қонақтар мен қатысушыларды алғысхаттармен марапаттады.

ЖҚП кафедрасының аға оқытушысы

полиция подполковнигі

З.З.Нұрыш

 
IMG_9859