Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ӘПК өкілі КжҚБ үздіксіз білім беру курсының студенттерімен сабақ өткізеді

2019 жылғы 15 қазанда ҚР  Ішкі істер министрлігінің М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі ӘПК-нің арнайы тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы, полиция подполковнигі Б.М. Сүгірбаева «Ішкі істер органдары қызметінің аясында кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау» тақырыбында КжҚБФ-нің (ювеналды полиция қызметкерлері) біліктілігін арттыру курсының тыңдаушыларға сабақ откізді.

Аталған іс-шара барысында білім алушылардың құқық бұзушылық фактілері туралы құқық қорғау органдарынан жасыру немесе хабарламау, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың, қараусыздық пен панасыздықтың алдын-алу мәселесі бойынша туындайтын балалардың құқықтарын, проблемаларын және оларды шешудің жолдарын қарастыруға бағытталған заңнама қосымшалар қаралды.

Сонымен қатар, Сүгірбаева Б.М. тыңдаушыларға балалардың құқықтарын кепілдендірудің құқықтық негізін қалыптастыруды және балаларды олардың денсаулығы мен дамуына зиян келтіретін ақпараттан қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ететін бірқатар мемлекеттік және салалық бағдарламалардың ережелерін жеткізді.

Іс-шара диалог түрінде өтті, оның барысында кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі полиция қызметкерлері өздерінің тәжірибелік тәжірибелерімен бөлісті және ішкі істер органдарының кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау саласындағы қызметін жетілдіру бойынша ұсыныстар жасады.

КжҚБФ оқытушысы- әдіскері

полиция майоры                                                                 

В.В. Хасанова