Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Қазақстан Республикасы ІІМ Бәрімбек Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының базасында өткізілген оқу-жаттығу жиынына қатысу туралы

Қазақстан Республикасы ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясы базасында ағымдағы жылдың 4-10 ақпаны күндері аралығында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің бұйрығына сәйкес оқу-жаттығу жиындары ұйымдастырылды. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының әскери және дене шынықтыру даярлығы кафедрасының оқытушылары полиция капитаны Б.К.Ибраймов және полиция аға лейтенанты О.Н.Изтлеуов арнайы-тактикалық даярлығы оқуынан өтті.
Осы аталған оқу-жаттығу жиынына еліміздің барлық облысынан 39 қызметкер қатысты, сонымен қатар Қазақстан Республикасы ІІМ-нің ведомостволық оқу орындарынан да қызметкерлер қатысты. Қарағанды облысы, Долинка ауылында орналасқан «Карлаг» мұражайына қуғын-сүргін құрбандарын еске алу мақсатында саяхат жасалды.   
10 ақпан күні Қазақстан Республикасы ІІМ Бәрімбек Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының базасында өткізілген оқу-жаттығу жиынынан сәтті өткен қызметкерлерге Қазақстан Республикасы ІІМ арнайы және жұмылдыру даярлығы департаментінің бастығы полиция подполковнигі К.А.Евнеевпен және Қазақстан Республикасы ІІМ Бәрімбек Бейсенов атындағы Қарағанды академиясы бастығы полиция полковнигі А.Д.Дарменов жиын аяқталуымен құттықтап, сертификаттармен марапаттады

Әскери және дене шынықтыру
даярлығы кафедрасының
оқытушысы
полиция майоры
Б.К. Ибраймов