Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының курсанттарына Ақтөбе облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаменті бастығының орынбасары әділет полковнигі А.А.Шамишевтің тәжірибеге бағытталған дәріс сабағын өткізуі

2019 жылдың 26 наурызында Ақтөбе облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаменті бастығының орынбасары әділет полковнигі А.А.Шамишев Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының профессорлық-оқытушылық құрамы мен күндізгі оқу факультеті курсанттарына жедел іздестіру қызметі бойынша дәріс сабағын өткізді. Сонымен қатар дәріске жедел іздестіру қызметі кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы қатысты.

Дәріс барысында әділет полковнигі А.А.Шамишев ҚАЖД жедел қызметтерінің өзекті мәселелерін, ҚАЖ мекемелерінде қамаудағылар арасында құқық бұзушылықтардың алдын-алу, оларға дұрыс ықпал етуді атап өтті.

Дәріс сабағы тәжірибеден мысалдар келтіріліп, мазмұнды өтті. Курсанттар мен қатысып отырған жедел іздестіру қызметі кафедрасының оқытушылары тарапынан қызығушылық білдіріліп, сұрақтар қойылып, өз көзқарастарымен бөлісті. Дәрістің қорытынды бөлігінде әділет полковнигі А.А.Шамишев ұсыныстар мен тілек білдірді.

Сонымен қатар, Ақтөбе облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаменті бастығының орынбасары әділет полковнигі А.А.Шамишев Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтыкурсанттарына оқу-тәжірибелік сабақтарын өткізу мен қылмыстық атқару жүйесі қызметінің оң тәжібесін зерделеу курсанттарды дайындауда және жедел іздестіру қызметі кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамымен кәсіби шеберліктерін ұдайы жетілдіруге өз үлесін әкелетіні сөзсіз.

Жедел іздестіру қызметі кафедрасы

бастығының міндетін атқарушы

полиция майоры                                                                 

К.Е.Каратаев

 
image003 IMG_1067