Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Қазақ күресінен мықтылар іріктелді

     Институт басшылығы, әскери және дене шынықтыру даярлығы кафедрасының профессорлық – оқытушылық құрамы қазақ күресіне үлкен назар аударуда. Сол себепті Ақтөбе қаласының 150 жылдығы, «Жастар жылы» шеңберінде, «Болашаққа қазақ тілімен» атты іс-шаралар акциясына сай және алдағы өтетін облыстық, Республикалық жарыстарға іріктеу жасау, жаттықтыру мақсатында 2019 жылдың 2 наурыз күні институттың ауыспалы құрамы арасында қазақ күресі жарысы өткізілді.
     Жарысқа қатысушы спортшылар сапқа тұрғызылып, Қазақстан Республикасының гимні орындалып, Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының бастығы, заң ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор (доцент), полиция полковнигі А.М. Сайтбеков жарысқа қатысушы курсанттарға сәттілік тілеп, спортта жоғары белестерді бағындыруға серпін беріп, жарысты салтанатты түрде ашты.
     Жарыс 3 салмақ дәрежесі бойынша өткізілді және төмендегі аталған курсанттар жүлделі орындарға ие болды: Атап айтсақ: 66 келіге дейінгі салмақта 1-орынды 2 «А» курсы 204 оқу тобының курсанты А.Каражанов, 74 келіге дейінгі салмақта 1-орынды 1 «А» курсы 104 оқу тобының курсанты Р.Мұхтаров, 82 келіге дейінгі салмақта 1-орынды 1 «Б» курсы 101 оқу тобының курсанты Ш.Турсунов жеңіп алды.
     Жарыс әуенмен жақсы көңіл күйде өтіп, жеңімпаздар және жүлдегерлер мақтау қағаздарымен марапатталып, салтанатты түрде аяқталды.

ӘжДШД кафедрасы
бастығының орынбасары
полиция подполковнигі
А.А. Мергалиев