Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ КОНЦЕРТІ

5- наурызда Ақтөбеде ҚР Ішкі істер министрлігі басшылығының “бақытты балалық шақты қорғау” жобасы аясында балаларға арналған қайырымдылық концерті өтті. Концертке Азия дауысы” фестивальінің және “Дарын”конкурсының лауреаты белгілі қазақстандық әнші Бейбіт Қорған, ” қатысты. “Көрермен ретінде іс-шараға аз қамтылған және көп балалы отбасылардың балалары, мүмкіндігі шектеулі балалар, “Аяла” оңалту орталығының балалары шақырылды, сондай-ақ ҚР ІІМ М. Бөкенбаев атындағы АЮИ курсанттары және Ф. Оңғарсынова атындағы №41 орта мектеп гимназиясының оқушылары, нақтырақ айтқанда, болашақ кадет сыныбы мен, кадеттер шақырылды.

Сондай-ақ осы қайырымдылық іс-шараға тәрбие жұмысы бөлімінің инспекторы полиция аға лейтенанты Б. Елеусизов қатысты және өзінің жанды дауысымен «Күндер өтуде» әнін орындады. Қазақстанда 2018 жылы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі басшылығының «Бақытты балалық шақты қорғау» шарасы аясында имидждік жобасы өтті. Бұл шешім қоғамда балаларға қатысты, құқыққа қарсы әрекеттерге жол бермеу қағидатын қалыптастыру үшін қабылданды. “Жоба аясының басты мақсаты – балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау болып табылды. Кең

масштабтағы қайырымдылық акциясы лайықты аяқталды,сондай-ақ мемлекет басшысының жарлығымен 2019 жыл – Жастар жылы деп жарияланды.

ТЖБ инспекторы

полиция капитаны

З.Мухангалиева