1 наурыз «Алғыс айту күні» қарсаңында Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты Ф.Оңғарсынова атындағы №41 мектеп гимназиясымен жасалған өзара ынтымақтастық туралы меморандум шеңберінде, сонымен қатар, «150 игі іс» атты қалалық қайырымдылық акциясы аясында аз қамтылған, көп балалы , тұрмысы төмен отбасыларына қайырымдылық көмек көрсеткен болатын. Аталған қайырымдылық көмек көрсету кезінде көпбалалы ана бүлдіршіндерінің жатын төсегі болмағандықтан еденде, бір ғана төсеніште ұйықтайтынын айтып, көмек сұраған болатын.
Қайырымдылықтың ең абзалы – мұқтаж жандарға қажетін беру. Мәселен: жетімдерге, мүгедектерге, қарттарға және т.б. жандарға материалдық көмек көрсету. Ақтөбе заң институты осы көпбалалы жанұяға қажетті керуеттер мен көрпе-көпшіктерді сыйға тартып, бүлдіршіндерді бір қуантты. Институт курсанттары төсек жабдықтары балалардың бөлмесіне орналастырып, қол көмегі ретінде есік алдын қардан тазалады.
Қазақ халқы қайырымдылықты қастерлі ұғым санап, әрдайым өзара жақсылыққа, адалдыққа үндеп, ізгі істі үлкенді-кішілі бөлмей, қоғамда өзара мейірбандық пен ынтымақ ортасының орнауына ерекше назар аударған.
Аз да болса мұқтаж адамдарға қол ұшын беріп, қайырлы істер жасасақ, қоғамға тигізер пайдасы мол болатыны сөзсіз.
ТЖБ инспекторы
полиция аға лейтенанты:
Б. С. Елеусизов