Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Қызыл жарты ай қоғамының Ақтөбе облыстық филиалы мамандарымен өткізілген жедел-тактикалық жаттығулар

2019 жылғы 8 қазанда Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің оқу процесіне тәжірибені енгізу бағдарламасын орындау мақсатында қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасы Қызыл жарты ай қоғамының Ақтөбе облыстық филиалы мамандарымен және еріктілерімен бірге сайыс түрінде жедел-тактикалық жаттығулар ұйымдастырып өткізді. Жаттығулардың тікелей қатысушылары ІІО-ға бірінші рет қабылданып отырған арнайы бастапқы оқу курстарының тыңдаушылары болды.

 Жарысқа қатысу үшін 5 команда құрылды: 1 – «Спасатель», 2 – «Арлан», 3 – «Сұңқар», 4 – «Ягуар», 5 – «Шериф».  Аталған іс-шараның төрешілері – Қызыл жарты ай қоғамы Ақтөбе облыстық филиалының еріктілері.

Жаттығудың сценарийі бойынша 5 ситуациялық аймақ (апаттық аймақтар) ұйымдастырылды, атап айтқанда: «Пойыз», «Ұшақ», «Жол-көлік оқиғасы», «Дүкен», жүрек-өкпе реанимациялық станциясы (ЖӨР), онда әр түрлі зақымдалулар мен жағдайларға тап болғандарға, зардап шеккендерге көмек көрсету керек.

Бес команданың әрқайсысы ұсынылған жағдайларда дәрігерге дейін көмек көрсету үшін білетін әдістерін жүйелі түрде пысықтады, ал төрешілер жіберілген қателіктерді атап, түсінік беріп, әр команданы бағалады.

Сайыс соңында төрешілер қатысушы командалардың ұпайын санап,  жеңімпаздарға сертификаттар мен сыйлықтар табыстады. Бірінші орынға «Спасатель» тобы: Р.Утегенов, А.Сансызбаев, А.Шалыга, М.Жангужинов, А.Муртиев иеленсе, екінші орынға Р.Дулдашева, Т.Талдыбаев, Б.Темірханов, Д.Мейірбеков, Э.Әкімжановтардан құралған «Сұңқар» тобы иеленді. Үшінші орынды «Шериф» командасы иеленді, оның құрамына: Д.Кулкеев, Б.Керимов, Қ.Басариев, Е.Жигербаев, Г.Ракишева болды. Қатысқан басқа командалар ынталандыру сыйлықтарына ие болды.

  Институт басшылығының атынан қылмыстық процесс және криминология кафедрасы Қызыл жарты ай қоғамы Ақтөбе облыстық филиалының қызметкерлері – Е.А.Дияровқа, М.К.Мырзабайға, Н.Құрманбайға, Г.А.Аяповаға, А.А.Дияровқа осындай ауқымды, қызықты және танымдық шараны ұйымдастырғаны үшін алғысхаттар табыстады. Сондай-ақ, еріктілерге тәтті сыйлықтар ұсынып, алғыс сөздер айтты.

Еріктілердің актерлік шеберлігінің, нұсқаушылардың кәсіби біліктілігінің, сайыстың жақсы ұйымдастырылуының арқасында сайысқа қатысушылар, сондай-ақ жанкүйерлер экстремалды жағдайда шешім қабылдаған кезде жағдайлардың, эмоциялар мен сезімдердің және жауапкершіліктің барлық спектрін толықтай бағалап қоймай, сондай-ақ  сезіне алды. Өмірдегі жәбірленушінің денсаулығы болашақ полиция қызметкерінің теориялық тұрғыдан дайын болуына және дәрігерге дейінгі алғашқы медициналық және психологиялық көмек көрсете алатындығына байланысты. «Жаңа форматтағы» полиция қызметкері – құқықтық білімді және мәдениетті, заманауи дамыған,  өркендеу заманына сай қасиеттері бар тұлға, ол сонымен бірге белгілі адами қасиеттерге ие болуы керек, өйткені кәсіпте тек қорғауды ғана емес, кез-келген жағдайда жедел көмекке мұқтаж адамды ұмытып кетуге болмайды.

ҚПжК кафедрасының

оқытушысы

полиция майоры

З.А.Мухангалиева

 
IMG_5825