Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

«Қылмыстарды ашудың және тергеудің өзекті мәселелері» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция

2019 жылғы 24 қазанда Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты Ресей ІІМ Орал заң институтының ұйымдастыруымен өткізілген «Қылмыстарды ашудың және тергеудің өзекті мәселелері» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға (бейнеконференция форматында) қатысты.

Ресей ІІМ Орал заң институтынан институт бастығының уақытша міндетін атқарушы, заң ғылымдарының кандидаты, доцент, полиция полковнигі
Д.Л. Кокорин, ал Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтынан институт бастығының ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары, заң ғылымдарының кандидаты, полиция полковнигі Г.Ж. Сулейманова іс-шараны ашып, құттықтау сөз сөйледі.

Аталған іс-шараның «Қылмыстарды ашу мен тергеудің криминалистикалық, қылмыстық-құқықтық және қылмыстық іс жүргізу аспектілері» секциясы бойынша Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтынан қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасының аға оқытушылары — заң ғылымдарының магистрі, полиция подполковнигі Наталья Александровна Чупринюк «Новеллы в уголовно-процессуальном законодательстве Республики Казахстан: особенности, эффективность и результативность», полиция майоры Сагинтай Мухитович Минайдаров «Форма досудебного расследования в уголовном процессе России и Казахстана» баяндамаларын ұсынды.

Сондай-ақ, осы секцияда Моңғолия ішкі істер университетінің, Беларусь Республикасы ІІМ Могилев институтының, Қазақстан Республикасы ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай Академиясының, Ресей ІІМ Барнаул заң институтының және Ресей ІІМ Шығыс-Сібір институтының өкілдері баяндама жасады.

Қатысушылар аталған тақырыпқа шынайы қызығушылық танытып, пікір алмасты, өзекті мәселелер мен жағдайларды талқылады.

Іс-шара соңында конференция жұмысының қорытындысы шығарылып, осындай іс-шараларды алдағы уақытта да өткізу бойынша ұсыныстар айтылды.

ҒЗжРБЖҰ бөлімінің бастығы

полиция подполковнигі

А.Қ.Каримбаева

 
01