Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ студенттерін тәжірибелік-бағыттық оқыту

2019 жылғы 29 наурызда Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарын жаңғырту жөніндегі 2019-2021 жылдарға арналған жол картасын жүзеге асыру аясында Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетімен және ҚР ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтымен жасалынған ынтымақтастық туралы келсімшарт  негізінде институт кафедраларымен  Қ. Жұбанов атындағы АӨМУ студенттеріне тәжірибелік сабақ өткізу ұйымдастырылды.

Студенттерге криминалистикалық зертхана және криминалистикалық полигон, Калашников автоматы мен Макаров тапаншасының тактикалық-техникалық сипаттамасы  таныстырылды.

Қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасының оқытушысы полиция майоры С.М. Минайдаровпен «Іздер (трассология) туралы криминалистикалық оқу» тақырыбында тәжірибелік сабақ өткізілді. Аталған сабақтың мақсаты трассологиялық іздерді алу және қарау бойынша тәжірибелік машықтарды меңгеру.

ӘҚ және ІІО ӘҚ кафедрасының доценті полиция подполковнигі Л.С. Маланьинамен «Азаматтардың қауіпсіздігін және қоғамдық тәртіпті сақтау бойынша ІІО қызметі» тақырыбында шолу дәрісі өткізілді. Аталған тақырыптың мақсаты азаматтардың қауіпсіздігін және қоғамдық тәртіпті сақтау бойыншаІІО әкімшілік қызметінің мәні және негізі туралы студенттерге тереңдетілген білім  беру.

Аталған тақырыпты меңгеру кезінде студенттер әкімшілік қызметтің заңнамалық және тәжірибелік ұйымдастырылуымен; қоғамдық тәртіпті сақтау және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша лауазымдық міндеттердің орындалуымен; ҚР азаматтарының субьектілік құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін қорғау; құқық қорғау органдарының құқықтық мәртебесімен; басқа да мемлекеттік органдармен және қоғамдастықпен әрекеттестігі туралы мағлұматтармен танысты.

Студенттер арасында проф-ориентациялық жұмыстар жүргізу мақсатында ӘҚ және ІІО ӘҚ кафедрасының бастығы полиция майоры Е.Қ. Балымовпен Қазақстан Республикасындағы құқық қорғау органдарының тарихы туралы баяндама оқылып, «Курсанттың өмірінен бір күн» атты фильм көрсетілді.  

ӘҚ және ІІО ӘҚ кафедрасының

оқытушысы

полиция майоры                                                            

А.С. Махмутов