Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

«Ұлттық ұланның әскери қызметшілері», «Қалалық, аудандық полиция бөлімдерінің қызметкерлерінің» біліктілігін арттыру, «Патрульдік полицияның полицейлерінің» қайта даярлау курстарынан өткендігі туралы

2019 жылғы 18 ақпан мен 2 наурыз аралығында Қазақстан Республикасы ІІМ М. Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтында Ұлттық ұланның әскери қызметшілері біліктілігін арттыру курсынан өтсе, патрульдік полицияның полицейлері қайта даярлау курсынан өтті. Сонымен бірге ағымдағы жылғы 25 ақпан мен 2 наурыз аралығында қалалық, аудандық полиция бөлімдерінің қызметкерлері біліктілігін арттыру курсынан өтті.

Біліктілігін арттыру курсындағы оқу бағдарламасы оқу тақырыптық жоспарға сай өтті.

2019 жылғы 22 және 27 ақпанда әкімшілік құқық және ІІО әкімшілік қызмет кафедрасының аға оқытушысы полиция подполковнигі М.Избасов патрульдік полиция қызметкерлерін Ақтөбе облысы ПД ЖПҚ, және Ақтөбе қаласы Алматы ауданының №22 полиция бекетіне шығу сабағын өткізді.

2019 жылғы 28 ақпанда Ұлттық ұланның әскери қызметшілеріне әкімшілік құқық және ІІО әкімшілік қызмет кафедрасының доценті полиция подполковнигі Н. Оразалин Ақтөбе қаласы Алматы ауданының №1 полиция бөліміне шығу сабағын өткізді.

Аталған шығу сабақтарында тыңдаушылар заманауи құралдардың жетістігі, оларды қолдану мүмкіндіктері туралы толық мәлімет алды.

2019 жылғы 21 ақпанда Ұлттық ұланның әскери қызметшілері патрульдік полиция қызметкерлері кәсіптік және қосымша білім факультетінің бастығы полиция полковнигі С.Гизатовтың бастамасымен ерікті түрде Ақтөбе облысы қан орталығына барып, науқас адамдарға көмек ретінде қан тапсырды.

2019 жылғы 25 ақпанда Ұлттық ұланның әскери қызметшілері Ауған Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерінің шығарылуына 30 жылдығының аясында өткен «Әскери-патриоттық тәрбие» тақырыбына өткен халықаралық дөңгелек үстелге қатысты.

2019 жылғы 26 ақпанда тыңдаушылар институт базасында өткен жедел-криминалистикалық қызметтің 100 жылдығына, Ақтөбе қаласының 150 жылдығына арналып өткізілген халықаралық ғылыми практикалық конференцияға «Ішкі істер органдарының криминалистері әділ сот қызметінде» қатысып, олар криминалистика және сотқа дейінгі тергеу саласы бойынша білімдерін толықтырды.

2019 жылғы 28 ақпанда қалалық аудандық полиция бөлімдерінің қызметкерлері санаты бойынша біліктілігін арттыру курсынан өтуші қызметкерлер «Рухани жаңғыру» бағдарламасының және «Қазақстан Республикасындағы қылмыстық процесте медиацияны жетілдіру жолдары» атты ғылыми-зерттеу жұмысының аясында, сонымен қатар Ақтөбе қаласының 150 жылдығына орай Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының кәсіптік және қосымша білім факультетінің қызметкерлері Ақтөбе қалалық сотының судьяларымен бірге Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтымен Ақтөбе облысының облыстық соты арасындағы меморандумға сай «Татуластыру процедурасының оңтайлылығы» атты халықаралық  дөгелек үстел өткізді.

Дөңгелек үстелдің жұмысы барысында медиацияның оңтайлылығы, қылмыстық процестегі медиацияның рөлі және оның екі жақтағы да даулы жағдайлардың қөлемін азайтуы, медиацияны қолдана отырып соттардың қылмыстық істерді екінші жақтың жәбірленуші жақпен келісіміне сай тоқтатуы, сотқа дейінгі және сот жүргізу кезіндегі медиацияның ерекшеліктері туралы сұрақтар қарастырылды.

Дөңгелек үстелдің жұмысы барысында медиацияның оңтайлылығы, қылмыстық процестегі медиацияның ролі және оның екі жақтың да даулы жағдайларының қөлемін азайтуы, медиацияны қолдана отырып соттардың қылмыстық істерді екі жақтың жәбірленуші жақпен келісіміне сай тоқтатуы, сотқа дейінгі және сот жүргізу кезіндегі медиацияның ерекшеліктері туралы сұрақтар қарастырылды.

Тыңдаушыларға патриоттық тұрғыдан тәрбие беру мақсатында олар сабақтан тыс уақытта институт мұражайына, Ә. Молдағұлова атындағы облыстық мұражайға, «Мәңгілік алау» даңқ ескерткішіне барды.

Тыңдаушылармен курсқа келген күні Қазақстан Республикасының заңнамалары бойынша «кіріс бақылауы» өткізілді.

Курс аяқталған соң тыңдаушылар өткен тақырыптар бойынша емтихан тапсырды, курсты толық оқып аяқтаған тыңдаушыларға сертификаттар берілді, ал «шығыс бақылауын» тапсыра алмаған «полиция патрулінің полицейлері» санаты бойынша қайта даярлау курсының тыңдаушысы полиция кіші лейтенанты К.Р.Танашевқа курсты тыңдағаны үшін анықтама берілді.

КжҚБФ аға оқытушы-әдіскері
полиция майоры
А.А.Сагынтаева

 
IMG_9991