Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Ұстаздар күні аталып өтілді

2019 жылдың 4 қазанында Ұстаздар күні мерекесіне орай салтанатты шара өткізілді. Мерекелік шараны институт бастығы полиция полковнигі А.Е.Кабдуев ашты. Институт бастығы профессорлық-оқытушылық құрамды атаулы мерекемен құттықтап, жылы лебізін білдірді. Мерекелік бұйрық жария етіліп, жетістікке жеткен оқытушылар грамота мен алғысхаттармен марапатталды. 

Мерекелік шараға ардагерлер, «Жас сақшы» полиция кадет сыныбының кадеттері қатысты.

Мерекелік шара Ақтөбе облыстық халық шығармашылығы орталығының жанынан құрылған «Жетесовтер жанұялық ансамблі» өнерпаздарының концерттік бағдарламасымен жалғасты.

Мерекелік шара соңында институт бастығы ансамбль жетекшісіне гүлшоғын ұсынып, алхысхат табыстады.

ТЖБ инспекторы

М.С.Тасбулатова