Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

«Өлім жазасы: қолдау және қарсы болу» тақырыбында халықаралық пікірсайыс турнирін өткізу

2019 жылғы 30 қазанда Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты мен Орынбор мемлекеттік университеті арасындағы ынтымақтастық туралы келісімді жүзеге асыру мақсатында «Заңгер-құқықтанушы» ғылыми-тәжірибелік мектебі аясында курсанттар мен студенттер арасында «Өлім жазасы: қолдау және қарсы болу» тақырыбындағы халықаралық пікірсайыс турнирі өткізілді.

Іс-шара басында Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының ғылыми-зерттеу және редакциялық-баспагерлік жұмысты ұйымдастыру бөлімінің бастығы, заң ғылымдарының магистрі, полиция подполковнигі А.К. Каримбаева құттықтау сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік пен жеңіс тіледі.

Турнирдің модераторы Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының жалпы білім беру пәндері кафедрасының аға оқытушысы полиция майоры А.Ж. Жарасхан болды.

Қазылар алқасының мүшелері: О.Ю. Костенко — Орынбор мемлекеттік университетінің сот және прокурорлық-тергеу қызметін ұйымдастыру кафедрасының оқытушысы, заң ғылымдарының магистрі; А.А. Алимпиев — Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының қылмыстық құқық және криминология кафедрасы бастығының орынбасары, полиция подполковнигі; А.А. Айдарлинов —Целиноград ауданының УПП-нің, учаскелік инспекторлар мен олардың көмекшілерінің жұмыстарын ұйымдастыруға жауапты, полиция майоры.

Іс-шара соңында полиция подполковнигі А.А. Алимпиев қорытынды сөз сөйлеп, осы турнирдің барлық қатысушыларына алғысын білдірді, курсанттар мен студенттердің дайындығын бағалап, жеңімпаздарды жариялады: 1-орынды Орынбор мемлекеттік университетінің «Фемида» командасы иеленсе; «Капитан кубогы» номинациясын Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының «Бірлік» командасының капитаны С.Ж. Абрахманова, «Үздік спикер» номинациясын «Фемида» командасының мүшесі А.А. Миронов пен «Бірлік» командасының мүшесі А.С. Афанасьева жеңіп алды.

Барлық қатысушыларға қатысқаны үшін сертификаттар, ал «Фемида» (Е.И. Максименко) және «Бірлік» (А.Ж. Жарасхан) командаларының жетекшілеріне алғысхаттар тапсырылды.

ҒЗжРБЖҰ бөлімінің бастығы

полиция подполковнигі

А.Қ. Каримбаева