Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Өрт қауіпсіздігіне нұсқама

2017 жылғы 1 маусымда институттың курстық саптық бөліністерімен басшыларымен біріге отырып, 1,2 курс курсанттарына және арнайы бастапқы оқыту курс тыңдаушыларына өрт қауіпсіздігі ережелері мен нормаларын сақтау және өрт жағдайында курсанттардың жедел жауап қайтаруға бағытталған өрт қауіпсіздігіне нұсқама жүргізілді. Өрт қауіпсіздігіне нұсқаулық жүргізу- бұл Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтында міндетті түрде жүргізілетін іс-шаралардың бір бөлігі. Нұсқаулық барысында курсанттарға өрт пайда болған жағдайда жасалатын дұрыс іс-әрекеттер, қорғаныс құралдарын пайдалану туралы жеткізіліп, сонымен қатар өрт қауіпсіздігінің талаптарымен тәртіптері түсіндірілді. Өрт жағдайында өрт сөндіргішті дұрыс әрі жылдам пайдалану көрсетілді. Сонымен қатар нұсқаулық өмірдің әртүрлі жағдайларында қажет екендігі атап өтілді.