Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

1 курс курсанттарының Ант қабылдау күні

2018 жылғы 29 қыркүйекте 1 А, 1 Б курс курсанттары мен 2А курсының  курсанттары С.Б. Сейітқалиев , О.А.Тобышев, А.С. Елеуов, сонымен қатар, жалпы құқықтық пәндер кафедрасының оқытушысы полиция лейтенанты Г.А. Байкунакова Ант қабылдады. 

Іс-шара Кеңес Одағының Батыры Малкеджар Бөкенбаевтың ескерткішіне гүл шоғын қоюдан бастады. Шараға   Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты бастығының міндетін атқарушы полиция полковнигі Галия Жанабекқызы Сулейманова, ІІО-ның ардагерлерлері, институт жеке құрамы мен курсанттары және курсанттардың ата-аналары қатысты. 

Әрі қарай іс-шара институттың саптық алаңында жалғасты. Институт  бастығының міндетін атқарушы полиция полковнигі Галия Жанабекқызы Сулейманова, ІІО ардагері отставкадағы милиция полковнигі Мұрат Көпжасарұлы Айдосов құттықтау сөз сөйледі. 1 А және 1 Б курстарының ата-аналар комитетінің мүшелері Берік Ахметов, Калима Шайхықызы Бекешова және Болат Мухамадұлы Тажибаев сөз сөйлеп, институт басшылығына және тұрақты құрамға өз ризашылығын білдірді.

 Іс-шара соңында курсанттар ата-аналарымен қауышып, бір тәуліктәк еркіндікке жіберілді.

 

ТЖБ инспекторы

полиция капитаны

З.А.Мухагалиева

 
DSC06996 03260153