Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының курсанттарына Ақтөбе облысы Полиция департаментінің бастығы з.ғ.к., полиция генерал-майоры М.Х.Абисатовтың тәжірибеге бағытталған дәріс сабағын өткізуі және фронт-офиспен танысуы

2019 жылдың 23 наурызында Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарын жетілдіру туралы 2019-2021 жылдарға арналған Жол картасын жүзеге асыру мақсатында және аумақтық полиция қызметтерінің ІІМ жоғары оқу орындарының оқу үрдісінің тәжірибеге бағытталығын күшейту аясында Ақтөбе облысы Полиция департаментінің бастығы з.ғ.к., полиция генерал-майоры М.Х.Абисатов өзінің тығыз күн тәртібіне қарамастан Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының профессорлық-оқытушылық құрамы мен күндізгі оқу факультеті курсанттарына кезекті дәріс сабағын өткізді.

Дәріс барысында з.ғ.к., полиция генерал-майоры М.Х.Абисатов полиция департаментінің жедел қызметтерінің өзекті мәселелерін, құқық бұзушылықтармен, соның ішінде ұйымдасқан қылмыспен, экстремистік ұйымдармен және т.б. күресте жедел іздестіру қызметінің әдістері мен тәсілдерін және заманауи технологияларды қолданатындықтарын атап өтті.

Дәріс сабағытәжірибеден мысалдар келтіріліп, мазмұнды өтті. Курсанттар мен қатысып отырған жедел іздестіру қызметі кафедрасының оқытушылары тарапынан қызығушылық білдіріліп, сұрақтар қойылып, өз көзқарастарымен бөлісті. Дәрістің қорытынды бөлігінде з.ғ.к., полиция генерал-майоры М.Х.Абисатов қорытынды жасап, ұсыныстар мен тілек білдірді.

Сонымен қатар, Ақтөбе облысы Полиция департаментінің бастығы з.ғ.к., полиция генерал-майоры М.Х.АбисатовҚазақстан Республикасының ішкі істер органдарын жетілдіру туралы 2019-2021 жылдарға арналған Жол картасы аясындаинститут аумағында жақында ашылған фронт-офиспен және оның жұмыс барысымен танысып шықты.

Жедел іздестіру қызметі кафедрасы

бастығының міндетін атқарушыполиция

майоры                                                                 

К.Е.Каратаев