Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтын санитарлық-эпидемиологиялық жағдайын тексеру мақсатында, институт бастығы міндетін атқарушы полиция полковнигі А.Байсултановтың бастауымен 2021 жылғы 3 маусымда институт Ардагерлер кеңесінің төрағасы В.Сюняков, Ақтөбе облысы ПД Ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары И.Кенжеханов, алғашқы кәсіби даярлық курсының тыңдаушылары Е.Елеудің анасы Б.Абдукаримова мен Н.Мукановтың әкесі Е.Муканов институт ғимараттары мен үй-жайларының тұрмыстық жағдайын тексеріп, нәтижесінде «жақсы» деген баға қойды. Комиссия мүшелері институт басшылығы мен қызметкерлеріне алғыстарын айтып, ризашылығын білдірді.