Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

2″ Б ” курс курсанттармен мәдени-көпшілік іс-шаралар өткізу

ҚР ІІМ Ақтөбе заң институтының 2 “Б” курс курсанттары М. Бөкенбаева “Жұбановтар әлемі” мәдениет және өнер орталығына барып қайтты.

Кездесу барысында курсанттар біздің еліміздің көрнекті ғылым және өнер қайраткерлерінің ағайынды Құдайберген мен Ахмет Жұбановтың өмірі мен шығармашылығына арналған мұражайды тамашалады.

Курсанттардың көптеген жаңа және қызықты ақпарат алып, рухани байығаны – сөзсіз анық .

 
04 07