Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Ақмола облысындағы арнайы тактикалық даярлық бойынша біліктілігін арттыру курсынан өту туралы

Институт бастығының бұйрығына сәйкес, ағымдағы жылдың
13 – 21 мамыры және  22 – 27 мамыры аралығында, курс бастығының орынбасары полиция капитаны Ш.Т.Елтаев пен әскери және дене шынықтыру кафедрасы бастығының орынбасары полиция майоры М.С.Балдаиров Ақмола облысында біліктілігін арттыру курстарынан  өтті.

Аталған курстар Ақмола облысындағы ІІД аудандық ІІО Целиноградтық спорт кешенінде өткен болатын. Тұру мекенжайы – казармалық. Курстар ІІО бастықтарының, облыстық, аудандық ІІО және Қазақстан Республикасы ІІМ Оқу орталықтарының оқытушылары арасында өтті.

Оқу сабақтары арнайы даярлық, атыс даярлығы пәндері бойынша және  ІІО бөлімшелерінде қызмет өткеру кезіндегі тактикалық даярлық, қоян-қолтық күрес, психологиялық даярлық, терроризмге қарсы заңнамалар негізі, өлімге әкелмейтін арнайы құралдар бойынша оқытылды.

Сабақтарды  ІІМ Арнайы даярлық департаментінің бастығы полиция генерал-майоры  А.Ч.Оспанов, Жедел жоспарлау департаментінің бастығы полиция генерал-майоры К.С. Тыныбеков, Арнайы даярлау департаменті бастығының орынбасары полиция подполковнигі К.А. Евнеев, Экстремизм мен  терроризмге  қарсы іс-қимыл бойынша департамент бастығының орынбасары полиция полковнигі Е.М. Мамбетов  жүргізді.

ІІМ Жауынгерлік даярлау департаментінің жеке құрамы жөніндегі инспекциясының қызметкерлері ІІО қызметкерлері арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу және оларға жол бермеу бойынша дәрістер оқыды.

Оқу басында және  қорытындысында бойынша дене шынықтыру және атыс даярлығы бойынша сынақтар тапсырылды.

Сонымен қатар, Отан сатқындары әйелдерінің Ақмола «АЛЖИР» лагеріне экскурсия ұйымдастырылды.

М.С. Балдаиров

ӘжДШД кафедрасы бастығының орынбасары

полиция майоры