Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

8 наурыз – халықаралық әйелдер күніне арналған мереке

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай 2017 жылғы          7 наурызында акт залда институттың ерлер ұжымы әйел қызметкерді концерттік бағдарламамен құттықтады. 

Салтанатты шараны институт бастығы полиция полковнигі С.И.Қаракүшев және ІІО ардагері отставкадағы милиция полковнигі С.Р.Рзабеков құттықтау сөзімен ашты. Институт бастығы институттың әйел қызметкерлеріне Ішкі істер министрлігінің атынан және өз атынан төс белгі, алғысхат және грамоталарды салтанатты түрде табыстады.

Институттың ер азаматтар ұжымы мерекелік концерт ұйымдастырып, әйелдер қауымын құттықтады.

Барлық қойылған нөмірлер әйелдерге және олардың сұлулығына арналды! Әйелдер қауымы сахнада өнер көрсеткендерге қол соғып, таң-тамаша қалысты.

Мерекеге арналған әртүрлі әндерді институт қызметкерлері полиция капитаны Б.Уайсов, полиция лейтенанты Б.Елеусизов және шақырылған әртістер тірі дауыста орындады. Үзіліс кезінде әртүрлі байқаулар мен ойындар ойнатылып, қонақ ретінде шақырылған әртіс құммен сурет салу композициясын көрсетті.

Мерекелік іс-шара жарқын және есте қаларлықтай болып, қуаныш сезіммен қатар, көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. 

 

ТЖБ инспекторы

полиция лейтенант            

Б.С. Елеусизов  

 
11021014 12043244