Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Тәлімгерлер кеңесі

Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының Тәлімгерлер кеңесінің жұмысын ұйымдастыру

Қазақстан Республикасы ІІМ №44 «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің полиция құрылымдарының Ережесін бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, 2014 жылғы 28 қаңтардан бастап Тәлімгерлер кеңесі өз жұмысын жүргізуде. 

2017 жылғы 03 қазанда институт бастығының №58 бұйрығымен Тәлімгерлер кеңесінің құрамы бекітілді.

Тәлімгерлер кеңесі – үнемі ұжымдық жұмыс атқаратын, тәлімгерлер жұымысын реттейтін, ішкі істер органдарының кәсіби негізді нығайтатып орган. 

Тәлімгерлер кеңесінің негізгі міндеттері:

  1. тәлімгерлерді және олардың жұмыстары бойынша әртүрлі сұрақтар мен тұрмыстық қарым-қатынастар туралы есептерін тыңдау;
  2. тәлімгерлер резервін жасақтау, тәлімгерлер жұмысын реттеу, тәлімгерлерді таңдау;
  3. тәлімгерлік жұмыстың жағымды өтілін ұлықтау;
  4. тәлімгерлердің жұмысын ұйымдастыру үшін әдістемелік және тәжірибелік көмек көрсету;
  5. тәлімгерлердің жұмысын жандандыру үшін ішкі істер органдарының бастықтарына үздік тәлімгерлерді марапаттауға ұсыну;
  6. тәлімгерлердің жұмысын жандандыру үшін тәлімгерлердің ұсыныстарын қарау;
  7. тәлімгер мен оның тәлім алушысы арасындағы жанжалды, қызметтік бабын асыра сілтеуін, қызметтік тәртіпті бұзуын, қызметте, тұрмыста, қоғамдық орындарда өзін-өзі ұстауын қадағалау.

Тәлімгер – мол тәжірибелік өтілі бар, тәлім алушының кәсіптік дамуына көмек беретін ІІО қызметкері.

Тәлім алушы – ІІО бірінші рет қызметке келген және ведомствалық оқу орнын бітірген немесе басқа қызметтен ауысып келген жас маман.

Тәлімгерлік келесі санаттағы тұлғаларға қойылады:

  1. ІІО бірінші рет келгендерге;
  2. ІІО қайтадан келгендерге;
  3. ведомствалық оқу орнын бітірген жас мамандарға;
  4. жоғары лауазымға немесе бірдей лауазымға ауысқан, лауазымдық нұсқаулығы тәжірибелік білімді шыңдау мен кеңейтуді талап еткен қызметкерлерге.

Ауырып қалуына, оқуға кетуіне, еңбек демалысына, декреттік демалысқа, тағылымдамадан өтуіне қарамастан  тәлімгерлік бір жылдық мерзімге дейін бекітіледі.

Ақтөбе заң институтында әр тоқсан сайын Тәлімгерлер кеңесі өткізіледі, кеңесте тәлімгерлер қызметтік міндеттерінің әдістері мен түрлерін талқылап, тәлім алушының жіберген қателіктерін түзету үшін көмек көрсетеді. Сонымен қатар, қызметкердің қызметке деген ынтасын, іскерлік және жеке қабілетін талқылайды. Оның заңдылық пен тәртіпті бұзғандығы туралы тез арада ішкі істер органдарының бастығына хабарлау керек. 

Тәлімгерлер кеңесінің хатшысы

полиция аға лейтенанты Д.М.Саркулов

 
05190003