2021 жылғы 31 мамырда 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты қызметкерлері және алғашқы кәсіби даярлық курсының тыңдаушылары Ақтөбе қаласы Түйетөбе басында орналасқан Жазықсыз жазаланғандарға арналған ескерткішке барып, ата-баба рухына тағзым етті.
Іс-шара институт қабырғасында жалғасып, «Қазақ тілі» қоғамы Ақтөбе қалалық филиалының төрағасы,Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау саласы қызметкерлері ардагерлер кеңесінің төрағасы Рахиев Роман Рахиұлы тыңдаушыларға 1930-1950 жылдар аралығында болған оқиғалар бойынша әңгіме жүргізді.
Атап өтсек, Роман Рахиұлының немере ағасы да саяси қуғын-сүргін құрбаны болып табылады.
ІжСКБ инспекторы
А.Танкаева