Қазақстан республикасы ІІм М. Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының ғылыми-зерттеу жоспарына сай қазақстан республикасы ІІМ М. Бөкенбаев атындағы заң тнститутының кәсіптік және қосымша білім фаульетінің бастығы полиция полковнигі С.Б. Гизатовтың басшылығымен «Теміржол көлігінің күйреуі мен апатқа ұшырауы туралы және әуе апаттары бойынша істер жөніндегі қылмыстарды тергеу» тақырыбына дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Аталған іс-шараны өткізудің мақсаты тіемір жол апаты, әуе көліктерінің күйреуі кезінде оқиға болған жерді қарауда көтерілетін өзекті мәселелерді дөңгелек үстелде көтеріп, оның қорытындысы бойынша нақты ұсыныстар әзірлеп, оны ішкі істер органдарының қызметкерлері тәжірибеде қолдануға ұсыну.
Іс-шараға институт бастығының орынбасары, заң ғылымдарының кандидаты, полиция подполковнигі Г. Сулейманова, «ҚТЖ» АҚ локоматив шаруашылығы бойынша жол қауіпсіздігінің ревизоры болат Маратұлы Бирманов, Ақтөбе станциясының ЖПБ ТБ бастығы полиция майоры Таскенов Данияр Нармағамбетұлы, Кеңес Одағының екі мәрте батыры Т. Бигельдинов атындағы Әуе Қорғаныс Күштері әскери институтының әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының бастығы авиация подполковнигі Берекебаев Қуанышбек Марсұлы, БАК тыңдаушысы Шербакты станциясы ЖПБ бастығы полиция майоры Тулендинов Руслан Тлеукенұлы, Петропавловск қаласы әуежай ЖПБ бастығы полиция майоры Каражигитов Серик Кайркельдиұлы және «Теміржол көлігінің күйреуі мен апатқа ұшырауы туралы және әуе апаттары бойынша істер жөніндегі қылмыстарды тергеу» тақырыбы бойынша жұмыс тобының қызметкерлері қатысты.
Сонымен қатар КІІД ЖПБ бастықтары санаты бойынша курста оқып жатырған БАК тыңдаушыларымен сауалнама жүргізілді, онда қауіпсіз көлікпен қозғалу бүкіл еліміздегі адамдардың өмірі мен денсаулығының кепілі екендігі көрсетілген. Темір жолда болатын апаттардың негізі темір жолдың жарамсыз болуы, диспечер қателігі, машинстиердің ұқыпсыздығы.
Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша ҚР ішкі істер органдарының тәжірибелік қызметкерлеріне әуе, темір жол көліктерімен болған апаттарды тергеп тексеру кезінде басшылыққа алатын ұсыныстар әзірленді. Шақырылған қонақтар институт бастығының атынан алғыс хаттарман марапатталды.