Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Ғылыми кеңес

Ғылыми кеңестің мәжілісі: 28.02.2017

Ғылыми кеңес институттың алқалық басқару органы болып табылады, өз қызметінде Қазақстан Республикасының заңнамасын, институттың Жарғысын, Ғылыми кеңестің мәжілісінде қабылданған (2016 жылғы 29 сәуірдегі №16 хаттамасы) Ғылыми кеңес туралы Ережені және институттың Регламентін басшылыққа алады.

Ғылыми кеңестің жұмысы институт бастығы, заң ғылымдарының кандидаты, полиция полковнигі С.И.Қаракүшевтің төрағалық етуімен жүзеге асырылады. Ғылыми кеңес туралы Ереженің талаптарына сәйкес Ғылыми кеңестің құрамына институт бастығының орынбасарлары, құрылым бөліністерінің басшылары, ғылыми (академиялық) әлеуеті бар профессорлық-оқытушылық құрам, сонымен қатар, күндізгі оқу факультетінің курсанттары кіреді.

Ғылыми кеңестің қызметі оқу жылына арналған жұмыс жоспарына сәйкес жүзеге асырылады.

Ғылыми кеңестің негізгі міндеті, Ғылыми кеңес туралы ережемен белгіленетін құзыретіне сәйкес, институттың қызметін үйлестіру, алқалық басқару және нормативтік қамтамасыз ету болып табылады.

Ғылыми кеңестің шешімдері ашық түрде дауыс беру арқылы жай көпшілікпен қабылданып,  орындауға және басшылық етуге міндетті болып саналады.

Ғылыми кеңестің мәжілістері айына бір рет өткізіледі. Күн тәртібін жеңілдету мақсатында, сол сияқты, Ғылыми кеңестің құзыреті шеңберінде шұғыл қарауды қажет ететін сұрақтар бойынша шешім қабылдау үшін  кезектен тыс мәжіліс өткізілуі мүмкін.

Өткізілген Ғылыми кеңес мәжілістерінің санын құрайды:

2013-2014 оқу жылы – қаралған 61 сұрақ бойынша 11 мәжіліс;

2014-2015 оқу жылы – қаралған 81 сұрақ бойынша 13 мәжіліс;

2015-2016 оқу жылы – қаралған 143 сұрақ бойынша 22 мәжіліс.

Ғылыми кеңес шешімдерін жүзеге асыру бойынша сұрақтарды қарауға ерекше назар аударылады.

 
08