- Институт
- Оқу-әдістемелік
қызмет - Ғылыми қызмет
- Кадр және тәрбие
жұмысы - Білім порталы
- PLATONUS
- Библиотека
Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты
Офицерлік жиналыс қызметінің басты мақсаты және негіздері
Бүгінгі күні Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары мемлекеттік идеологияның негізгі механизмі ретінде тек қана өзінің жеке жетістіктерін ойламайтын, еңбекке қабілетті, өз Отанының қамы үшін қызмет ететін және осы қызметке әрдайым дайын тұратын азамат қызметкерлерді қажет етеді.
Ішкі істер министрлігінің басшылығы ішкі істер органдары қызметкерлерінің мемлекеттік-құқықтық, азаматтық-патриоттық, кәсібилік, имандылық және отбасы-тұрмыстық тәрбиесіне ерекше назар аударуда.
Қазіргі уақытта тәрбиелік процесте ішкі істер органдарының мекемелері және қоғамдық ұйымдары саналатын барлық субьектілер ішкі істер органдарымен идеологиялық жұмыстарға тартылады.
Үздік дәстүрлерді жаңғырту мақсатында ішкі істер органдарының офицерлік корпусы мен қызметтік ұжым арасында жолдастық қарым-қатынасты қалыптастыру мақсатында біздің жүйеде жаңадан офицерлік жиналыс институты құрылды.
Сөзсіз офицерлік жиналыс құрылғанға дейін де, полициялық ортада және оның офицерлік корпусында бүгінгі күнге дейін де өз дәстүрлері болды.
Офицерлік жиналысты құру кезінде шетел мемлекеттерімен республиканың күштік құрылымдары офицерлік жиналыстарының, сонымен қатар офицерлік корпусты қалыптастыру тарихы қызметтерінің тәжірибесі зерттелінді.
Қазіргі уақытта ІІМ орталық аппаратында және барлық ішкі істер органдарында офицерлік жиналыс қызметі жүзеге асырылуда.
Офицерлік жиналыстың басты міндеттері болып табылады:
Офицерлік жиналыстың қызметі біздің ведомствада да ерекше назарда.
2016 жылғы қазанда Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының қабырғасында өткізілген алғашқы офицерлік жиналыста институт бастығы полиция полковнигі С.И.Қаракүшевпен офицерлік жиналыс жұмысының негізгі бағыттары анықталған болатын.
Институтта өткізілген екінші офицерлік жиналыстың резолюциясына сәйкес институтта қызметкерлердің ар-намысын сақтау негізінде қызметтік ұжымда моральдық-психологиялық және имандылық жағдайындағы жолдастық қатынастарды қолдауды және қалыптастыруды, қызметкерлердің өзінің қызметтік міндеттерін орындау кезінде ІІО қызметкерлерінің кәсіби әдептілігінің Ережесін, қызметтік тәртіпті және заңдылықты қатаң сақтауына және берілген тапсырманы кез келген жағдайда сенімді және басқарушылық деңгейінде сапалы орындалу дайындығының жоғарғы дәрежесіне қол жеткізу, қызметкерлердің құқықтық мәдениетін көтеру, қызметтік ұжымда кез келген теріс қарым-қатынас әрекеттеріне төзбеушілікті, сыбайлас жемқорлыққа қарсы түсінікті қалыптастыруды, қызметкерлерді Отанға деген сүйіспеншілікке және патриотизмге тәрбиелеу, ішкі істер органдарының тарихын білуге үгіттеуді, ішкі істер органдарының дәстүрлерін күшейтуге және қолдауға, оны дамытуға мерекелік ритуалдарды жүргізу, ішкі істер органдарына деген қоғамдық сенімділік деңгейін көтеру, ішкі істер органдарының беделін көтеруді, қызметкерлерді дөрекі жағдайлардан, әлеуметтік әділетсіздік пен жеке ар-ожданын кемсітуден, сонымен қатар әлеуметтік кепілдіктер мен олдардың құқықтарын қамтамасыз етуді қоғамдық қорғауды, қызметтік ұжымда салауатты өмір салтын қалыптастыру және өмірлік ұстаным позициясын қолдауды, қызметкерлерге өздерінің өкілеттіктері шегінде олардың жанұяларына әлеуметтік-тұрмыстық, моральдық-психологиялық және материалдық көмек көрсету және оларды әлеуметтік тұрғыдан қорғауды, қызметкерлердің қызметтік және тұрмыстық жағдайларын білу және оларды жетілдіру мақсатында ұсыныстар енгізуді қалыптастыру кіреді. Офицерлік ритуалдардың ішінде ең кең тараған ритуалдар мемлекеттік және кәсіби мерекелік іс-шаралар өткізу кезіндегі наградалар, погон және басқа да марапаттау шараларын берумен қатысты.
Есептік мәжіліс бойынша офицерлік жиналыстың тәртіп пен заңдылықтың сақталуын күшейтуге жеке құрам арасындағы және ұжымдағы жағымды моральдық-психологиялық климатты жақсартуға әсер етуге жеке құрамды ынталандыру бағыты ерекше орын алды.
Әрбір офицердің міндеті әрдайым құқық қорғау органдарының беделін көтеруге қоғамдық көзқарасты жоғарылату болып табылады.
Әрбір заманауи офицердің тәрбиелі, кәсіби сауатты, білімді және офицерлік мақсатқа берілген болуы бәрімізге байланысты.