Aktobe law institute of the Ministry of Internal Affairs of the Republic of Kazakhstan named after M. Bukenbaev

Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты Ресей ІІМ Волгоград академиясымен онлайн байланыс жүйесінде өткізілген «Сот сараптамасы: ресейлік және халықаралық тәжірибе» тақырыбындағы IV халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысты

2018 жылғы 27 сәуірде Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының ҒЗжРБЖҰ бөлімі мен қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасы  Ресей ІІМ Волгоград академиясымен онлайн  байланыс жүйесінде өткізілген «Сот сараптамасы: ресейлік және халықаралық тәжірибе» тақырыбындағы IV халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның секциялық мәжілісіне (2-секция — Сот сараптамалары мен зерттеулерінің арнайы түрлерінің теориялық және әдістемелік сұрақтары) қатысты.

Институт тарапынан қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасының бастығы полиция полковнигі А.Г. Игольников модератор болды.

Сонымен қатар, аталған конференция жұмысында Ақтөбе облысы бойынша өңіраралық сот сараптамасы орталығының медициналық-криминалистикалық бөлімінің жоғары санаттағы соттық-медициналық сарапшысы В.М. Корнев «Особенности осмотра трупа при взрывных травмах» баяндамасын және Ақтөбе облысы бойынша өңіраралық сот сараптамасы орталығының Жалпы сараптамалық актінің басшысы, жоғары санатты соттық-медициналық сарапшысы С.И.Кубенов «Особенности осмотра трупа при различных причинах смерти» баяндамасын ұсынды.

Аталған секциялық мәжілісте сот сараптамалары мен зерттеулерінің арнайы түрлеріне қатысты көптеген сұрақтар талқыланды және өзара тәжірибе алмасып, пікірлерін ортаға салды.

 

ҒЗжРБЖҰ бөлімінің бастығы

полиция подполковнигі

А.К. Каримбаева