Тәуелсіздік күні қарсаңында, яғни 2017 жылғы 15 желтоқсанда Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтында 2 курс курсанттарына арналған жаңа казармалық үй-жайдың ашылу салтанаты өтті.
Казармалық үй-жайды жаңашаландыру 2 курс басшысы полиция майоры Н.Н.Қажығалиевтің жіті қадағалауымен жүргізілді.
Ауыспалы құрамның жоспарлы жаңа қонысқа орналасуы тек қана оларға жасалған ыңғайлы жағдай ғана емес, сонымен қатар, темірдей тәртіп, қызметтегі сәтті қадамдар, жаңа көзқарастар мен болашаққа деген мақсатты жоспарлардың кепілі.
Курс басшысы полиция майоры Н.Н.Қажығалиев атқарылған жұмыстар, сондай-ақ казармалық үй-жайды жаңашаландыру мен жақсарту жөніндегі болашақ жоспарлар туралы, ауыспалы құрамның үй-жайдағы жағдайлары туралы іс-шара барысында есеп берді. Іс-шараға институт басшылығы, ІІО-ға еңбек сіңірген ардагерлер, «Нұр Отан» партиясы қалалық филиалының бірінші орынбасарының кеңесшісі М.С.Ержақыпов, институттың оқытушылық-профессорлық құрамы қатысты. Іс-шара соңында қонақтар мен курс басшылығы бітіруші курсқа жақсы тілектерін арнады.
2 курс бастығының тәрбие
ісі жөніндегі орынбасары
полиция капитаны
Ш.Т.Ельтаев