Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

СПОРТ — ҚОҒАМДА ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚҚА «МҮЛДЕМ ТӨЗБЕУШІЛІК» ҚАҒИДАСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖОЛДАРЫНЫҢ БІРІ

     2017 жылғы 29 тамызда Ақтөбе мұнай және газ колледжінің базасында «Ақтөбе дамуы» қоғамдық қорымен «Ақтөбе облысы ішкі саясат басқармасы» ММ-нің тапсырмасы бойынша «құқық бұзушылыққа «Мүлдем төзбеушілік» қағидасын қалыптастыру бойынша іс-шаралар өткізу» әлеуметтік-маңызды жобасын жүзеге асыру аясында кіші футболдан жарыс ұйымдастырылып, өткізілді.

     Әскери және дене шынықтыру даярлығы кафедрасы оқу орнының тұрақты құрамы қатарынан институттың құрама командасын жасақтады. Бұл құрама қатарына полиция полковнигі Қ.Д.Үмбетбаев (команда капитаны), полиция подполковнигі Қ.А. Бүркітбаев, полиция капитаны А.Г. Левченков, полиция капитаны С.Б. Нұржанов, полиция аға лейтенанты А.К. Қосмұратов, полиция аға лейтенанты Н.А. Таласпаев, полиция капитаны Б.А. Уайсов, полиция старшинасы Е.Ж. Боранқұлов, ерікті жалданушы қызметкер А.Н. Трофимов енді.

     Жарысқа 7 команда қатысты, іс-шара барысында олар А (4 команда) және В (3 команда) топтарына бөлінді. Институттың құрама командасы А тобында болды.

     Топтасып ойнау нәтижесі бойынша біздің құрама команда топ ішінде 2-орынға ие болып, жарыстың жартылай финалына шықты. Табан тірескен күресте біздің команда қақпаға жіберілген 1 доп айырмашылығымен турнирдің болашақ чемпионаттарына жол берді.

     Институт құрамасы ұйымдастырылған шараға белсене қатысып, жоғары деңгейдегі ойынның үлгісін көрсете білді.

     Жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының құрама командасы лайықты 3-орынды иеленіп, дипломмен марапатталды.

     Институт басшылығы барлық спорттық іс-шараларға атсалысуға үнемі қолдау көрсетеді және салауатты өмір салтын ұстануға, дене шынықтыруды насихаттауға зор көңіл бөледі.

 

 

ӘжДШД кафедрасының доценті

полиция полковнигі

Қ.Д. Үмбетбаев