Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Қылмыстық құқық, қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасының оқу процесіне тәжірибелі мамандарды шақыру туралы

3.10.2020

Елдің құқықтық саясат тұжырымдамасы шеңберінде іске асырылып жатқан құқық қорғау органдарының қызметін түбегейлі қайта құрудың мемлекеттік міндеті аясында, адам құқықтары мен бостандықтарын барынша сақтау және қорғау мақсатында, 2020 жылғы 2 қазанда қашықтықтан оқыту нысаны шеңберінде ҚР ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты  қылмыстық құқық, қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасы 405, 402-оқу топтарының курсанттарына Алматы қаласы ПБ бастығының орынбасары Еділхан Маратұлы Байғараевтың, Ақтөбе қаласы полиция басқармасы Астана ауданы ПБ аға тергеушісі полиция капитаны Нұрсұлу Тншбаевна Игликованың қатысуымен “Қылмыстық іс жүргізу заңнамасының жаңа моделі” пәні бойынша семинар сабақ өткізді.

“Қылмыстық құқық бұзушылықтардың көптігі” тақырыбын қарау барысында полиция майоры Е.М.Байғараев құқық қорғау органдарының бірнеше және қайталанатын қылмыстарға қарсы күрес жөніндегі қызметі үшін көптік институтының мәні және көптіктің бірыңғай, күрделі қылмыстық құқық бұзушылықтардан айырмашылығы мәселелерін егжей-тегжейлі ашты.

Өз кезегінде, полиция капитаны Н.Т. Игликова “Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басталуы және қылмыстық теріс қылықтар туралы істер бойынша іс жүргізудің ерекшеліктері” тақырыбын қарау барысында қылмыстық құқық бұзушылықтар бойынша арыздар мен хабарламаларды сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне қабылдау және тіркеу тәртібіне, тіркелген арызды немесе қылмыстық құқық бұзушылық туралы хабарламаны беру және сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басталу негіздеріне қатысты құқық қолдану мәселелерін қозғады.         

Қаралып отырған мәселелерді талқылау барысында курсанттар белсене қатысып, ҚР Қылмыстық және қылмыстық-процестік кодексінің нормаларына өзгерістер мен толықтыруларға ұшыраған нормаларды қолдану практикасы бойынша білім алды.

ҚҚ,ҚПжК кафедрасының бастығы

полиция полковнигі                                                                  

Саханова Н.Т.

 
01 IMG_7698 IMG_20180511_112747 Безымянный-2 IMG_2608