Институт бастығымен бекітілген іс-шара жоспарына сәйкес 2018 ж. 30 сәуірде Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының акт залында жалпы білім беру пәндері кафедрасы апталығы төңірегінде қорытынды іс-шара өткізілді. Іс-шара «Рухани жаңғыру» елді дамыту бағдарламасын орындау аясында Қазақстанның елордасы Астананың 20 жылдығын тойлау мақсатында болды.
Кафедраның іс-шарасын өткізуге және ұйымдастыруға институттың тәрбие жұмысы бөлімінің қызметкерлері – полиция капитаны З.Мұханғалиева және полиция аға лейтенанты Б.Елеусизов атсалысты.
Кафедра бастығының орынбасары полиция подполковнигі А.А.Салимов Астананың тарихы туралы, соның ішінде елорданы Алматыдан Астанаға көшіру шешімінің саяси және тарихи өзектілігі, Целиноградты Ақмолаға, кейін Астана атауларының өзгеруі туралы айтылды. Астананың тарихы туралы документалды бейнефильм көрсетілді.
Мемлекет Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Патриотизм кіндік қаның тамған жеріңе, өскен ауылына, қалаң мен өңіріне, яғни туған жеріңе деген сүйіспеншіліктен басталады. Туған жерге, оның мәдениеті мен салт-дәстүрлеріне айырықша іңкәрлікпен атсалысу – шынайы патриотизмнің маңызды көріністерінің бірі. Туған жерге сүйіспеншілік Туған елге – Қазақстанға деген патриоттық сезімге ұласады» деген сөзін басшылыққа ала отырып, кафедра бастығы полиция полковнигі А.Ф.Саттарова «Отан неден басталады?» баяндамасын оқыды. Баяндама кезінде Ақтөбе облысының тарихы туралы біршама кезеңдерінен фото және слайдтар көрсетіліп, біздің өлкеміздегі тарихи ескерткіштер орындары айтылды. А.Ф.Саттарованың баяндамасында қатысушылардың қызығушылықтарын туғызған, бұрын естімеген тарихи фактілер мен ақпараттар жеткізілді. Баяндама өз туған өлкеміздің тарихын терең оқып, табиғи және тарихи қонақжайлығын көруге арманын оятты.
1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні мейрамына арналған концерттік бағдарламада 1 А курс курсанттары – қатардағы полиция В.Емельянова, Е.Симоненко, Ж.Жылкайдар, Ю.Володин, Г.Шамуратова қатысты.
Институт бастығы полиция полковнигі С.И.Каракүшев өткізілген іс-шараға ЖОО жеке құрамын патриоттық және жоғары адамгершілік сезімге тәрбиелеуге бағытталған деп жоғары баға берілді.