Aktobe law institute of the Ministry of Internal Affairs of the Republic of Kazakhstan named after M. Bukenbaev

Уoung scientists сounci

ҚР ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң инстиытутының Кәсіптік психологиялық даярлық және ІІО басқару кафедрасының аға оқытушысы полиция майоры А.Ж.Жарасхан

«ҚР ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының тыңдаушылары мен курсанттарының пандемия жағдайында онлайн режимде білім алуға бейімделуі»

            2020 жылдың алғашқы айында бастау алған қатерлі жұқпалы дерт -коронавирус (COVID-19) пандемиясының таралуына орай елімізде экономикалық және әлеуметтік мәселелер туындады. Мемлекеттік және жеке сала орындары жұмысын тоқтатып, онлайн жұмыс жасау қалпына көшті. Күнделікті өмір сүру қалпы өзгеріп, тұрғындар өзін-өзі оқшаулау режиміне ауысуға мәжбүр болды. Коронавирус (COVID-19) ауруының пандемиясына байланысты жанияланған карантинге орай еліміз қашықтықтан білім алу жүйесіне көшті. Өз тәжірибеміздегі қашықтықтан білім алудың артықшылықтары мен тиімсіз тұстары қандай? Тиімді тұсы, әрбір тыңдаушының өзінің қарқынына сай білім алу мүмкіндігінің болуы. Дәл осындай жағдай М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының ұжымы мен білім алушыларының да басынан өтті. Курсанттар қашықтықтан білім алу жүйесіне көшіп, үй жағдайында білім алды.

ЮНЕСКО-ның мәліметіне сәйкес 191 ел мектептерін ұлттық деңгейде жапты. Ресей, АҚШ, Канада, Аустралия, Жапония мен Данияда мектептер аймақтағы жағдайға байланысты жұмысын тоқтатты.

Әлем бойынша оқытудың балама түрлері ойластырылды. Қашықтан білім беру үшін сабақтарды телеарналар арқылы трансляциялау, видеосабақтарды арнайы платформаларға жүктеу, радио арқылы сабақтарды аудиотрансляциялау, электрондық пошта және пошта қызметі сынды т.б. тәсілдер пайдаланылды. Әр мемлекет қашықтан оқыту процесінің оқушылар мен студенттерге неғұрлым қолжетімді болуын мақсат етті. Ол үшін Интернеттің, техникалық инфрақұрылымның қолжетімділігін анықтап, білім беру бағдарламаларының мазмұнын бейімдей бастады, барлығын ескере келе тиімді нұсқасын алдын ала сынап көріп, таңдау жасады.

Қашықтықтан оқыту технологиясын қолдана отырып, толыққанды білім беру оқу үрдісінің нақты құрылымын және оқу материалдарын дәрістер арасында үздіксіз, ыңғайлы және сапалы түрде таратуды қамтамасыз ететін қызметпен үйлескенде ғана мүмкін болады.

Қашықтықтан білім алушы өзінің қатарынан қалып қалам ба деп қобалжымайды. Күрделі тақырыптарға қайта оралып немесе өзінің түсінбеген тұстарын бейне-дәрістен өз қалауымен бірнеше рет қайта қарап шығуға мүмкіндік болады. Ал, өзіне түсінуге жеңіл тақырыптарды үстірт шолып шықса да болады. Тиімсіздігі, қашықтықтан оқыту тыңдаушының виртуалды коммуникацияға түсуін талап етеді. Білім алушылардың барлығы мұндай қатысымға психологиялық тұрғыда дайын бола бермейді. Келесі кедергі – тыңдаушының әлеуметтік оқшаулануы. Әр білім алушы жеке дара қашықтықтан оқитындықтан, ол өзінің оқшаулануын сезінеді. Бұл оның психологиялық жай-күйіне әсер етуі мүмкін.

Әрине курсанттың алдында тұрып сабақ берген мен қашықтықтан оқытатын екі бөлек дүние. Адамда эмоция болады. Методика деген бар. Онлайн сабақ берген кезде оқытушы сабақ беру әдісін қолдануы қиынға соғып, екі жақтан түсініспеушілік туындауы мүмкін.

Белең алған жағдайға байланысты біз бұл жүйемен бір-ақ күнде бетпе-бет келдік. Әрине, туындаған мәселелер баршылық. Атап айтатын болсақ, барлық білім алушылардың бірдей интернет желісіне қосыла алмауы. Алыс шалғайдағы ауылдардың өзін айтпағанда, қала іргесіндегі ауылдарда интернет желісі нашар немесе ұстамайды. Ал интернет ұстаса, қолдарында пайдаланатын құрылғылары жоқ. Бұл мемлекеттік деңгейде шешілуі тиіс мәселе. Сондай-ақ, білім беруде тиімді деген zoom, cisco webex сияқты бірнеше платформаларды  пайдаландық. Алдағы уақытта осындай бағдарламалардың жұмыс жасау алгоритмін үйрететін курстар болуы керек.

Қазақстандық IT-мамандарды жұмылдырып, қашықтықтан оқытуда тиімді ұлттық платформаларды жетілдіру керек.  

Егер пайдасы туралы айтатын болсақ, қашықтықтан оқытудың қандай артықшылықтары бар? Қашықтықтан оқытудың білім беру үрдісінің алгоритмі білім беру порталына оқу материалдарын орналастыруды, онлайн режимінде сабақ өткізуді, курсанттардың жеке жұмысын дербес жүргізуді, сөйлесу бойынша кеңестерді, тестілеу түріндегі аралық және қорытынды бақылауды қамтиды. Артықшылықтары туралы айтатын болсақ, біріншіден, қашықтықтан оқыту кез-келген уақытта және компьютер мен интернет бар кез-келген жерде оқуға мүмкіндік береді. Оқу жоспарына сәйкес материал оңай құрастырылады. Оқытушы мен курсанттар арасында диалог бейнеконференция, топтық чаттар, презентациялар, тестер, бейнероликтер арқылы жүзеге асырылады. Сондай-ақ, сабақты қайта-қайта қарау мүмкіндігі арқасында жоғары тиімділікке қол жеткізіледі. Бұл екінші. Үшіншіден, қашықтықтан оқыту ғылыми кітапханалардың электрондық ресурстарына кедергісіз қол жетімділікті қамтамасыз етеді.                                  

          М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының Платонус онлайн сервисінің аясында курсанттар мен тыңдаушылар дәрістерге, тесттер мен үй тапсырмаларына қол жеткізе алады. Кез келген жағдайда оқытушымен байланысып, оған сұрақ қоюға, вебинарға қатысуға әрқашан мүмкіндік бар. Курсанттар сонымен қатар онлайн түрде байланыс жасауды қамтамасыз ететін Microsoft Teams, Skype, Zoom секілді басқа да балама IT-құралдарын қолдана алады.

Осылайша, М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты онлайн порталы виртуалды аудиторияға айналып, курсанттар мен тыңдаушыларға Қазақстанның кез келген бұрышынан білім алуға мүмкіндік беріп отыр. Сонымен бірге карантин кезінде үйлеріне кеткен курсанттар оқу процесін үзбей білім ала алады, ал интернетке қосыла алмаған жағдайда олар кейіннен, өздеріне ыңғайлы кез келген уақытта дәрістерге қол жеткізе алады.

Падаланылған әдебиеттер:

  1. Қашықтықтан оқыту қалай жүзе асады? //bilimdinews.kz
  2. Пандемия кезінде қашықтықтан оқыту// atu.kz
  3. egemen.kz: https://egemen.kz/article/235576-askhat-aymaghambetov-pandemiya-dgaghdayyndaghy-qazaqstannynh-bilim-beru-dguyesi
    © egemen.kz

[popup_anything id="16959"]

 
10 SAMSUNG CSC IMG-20171127-WA0018 DSC06929 32sL773s1aY