Aktobe law institute of the Ministry of Internal Affairs of the Republic of Kazakhstan named after M. Bukenbaev

«Жастар арасында нашақорлықты алдын алу» семинар-тренингі

          2018 жылғы 19 мамырда «Иматон» медициналық орталығында «Жастар арасында нашақорлықты алдын алу» тақырыбында семинар-тренинг өтті. Семинар ұйымдастырушысы орталық директоры Роза Канапиевна Маматова болды.

           Семинар-тренингке «Нашақорлық пен уытқұмарлықты алдын алу» тақырыбында ғылыми зерттеу жүргізіп жатқан Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасының қызметкерлері шақырылды. Кафедра бастығы полиция полковнигі Александр Геннадьевич Игольников өзінің баяндамасында жастар арасында нашақорлықты алдын алу және оны болдырмау шаралары туралы сұрақты қарастырды. Кафедра аға оқытушысы полиция майоры Айнагул Сагандуковна Тайшыбаева есірткі құралдарына байланысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру және тергеу барысында қандай мәселелер туындайтынын атап өтті.

         Сонымен қатар, семинар-тренингте медицина ғылымдарының докторы  Павленко Валерий Петрович, Ақтөбе облысының дәрігер-психиатрлары, денсаулық сақтау мекемелерінің  психолог және нарколог дәрігерлері қатысты. Олар ғылыми зерттеу жүргізіп жатқан қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамының баяндамаларын қызыға тыңдады.

Орталық директоры Роза Канапиевна Маматова науқастарды нашақорлық пен маскүнемдіктен емдеу әдістерінің қалай қолданылатынын анық көрсетті және емнің барлық рәсімі жасырын өтетінін айтты.

         Семинар-тренинг өте қолайлы жағдайда өтті. Нашақорлық пен уытқұмарлықты жастар арасында алдын алу, маскүнемдіктің адам өміріне зияны туралы көптеген сұрақтар қарастырылды.  

Қылмыстық процесс және криминалистика

кафедрасының оқытушысы

полиция капитаны                                                          

А.Ж.Қиюбек

 
03302006