Қазақсан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтында 2019 жылғы 25 мамырда Халық қаһарманы Байтасов Ғазиз Әбдібекұлының аты берілген дәрісхананың ашылу салтанаты өтті.
Ұйымдастырылған іс-шараны тамашалауға Ақтөбе облыстық Полиция департаментінің бастығының орынбасары полиция полковнигі А.С.Келимбердин, Ақтөбе облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті бастығының орынбасары полиция подполковнигі Б.А.Илюпов, Жамбыл облыстық КрСБ Полиция департаментінің ЕТ жөніндегі аға инспекторы Ж.Б.Баисов және №41 мектеп-гимназиясының 5-сынып оқушылары қатысты.
Іс-шара келген қонақтарға институтта орналасқан фронт-офистің жұмысымен таныстырудан басталды. Институт қабырғасында ел үшін туған ер, қауіпсіздікті сақтау ісінде нағыз отансүйгіштігін дәлелдеген бүгінгінің батыры, ішкі істер органының майталман қызметкері болған полиция капитаны Ғазиз Байтасовтың атына дәріс залы ашылып, залдың төрінде тұрған Ғазиздың суреті, өмірбаяны мен ерлігі жазылған тақта орын алған. Институт бастығының орынбасары полиция полковнигі А.М.Хайрулин дәріс залын ашу барысында Ғ.Байтасовтың жасаған ерлігі туралы айтып өтті. 1А курс бастығының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары полиция майоры Н.Қ.Сүлейменов ашылған дәріс залында курсанттарға «Ер есімі, ел есінде» тақырыпбында тәрбие сабағын жүргізді. Сонан соң, жалпы білім беру пәндері кафедрасының бастығы полиция полковнигі А.Ф.Саттарова институттың профессорлық-оқытушылық құрамына педагогикалық оқытудың әдіс-тәсілдерін үйрететін Тренинг орталығымен таныстырды. Тренинг орталығымен таныстырудан соң, институттың компьютерлік кабинетінде виртуалдық оқиға орнын қарау бағдарламасы көрсетілді. Мектеп жасындағы жасөспірімдерді патриоттық тәрбиеге баулу мақсатында курсанттар институттың саптық алаңында ән айтып, саптық жүріспен жүріп өтті. Іс-шара институттағы курсанттардың казармасын, криминалистикалық полигонды тамашалаумен жалғасты.
Күндізгі оқу факультеті бастығының міндетін атқарушы
полиция подполковнигі
А.Салимов.