Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Мини-футбол бойынша жарыс

8.08.2019

2019 жылы 7 тамызда Қазақстан Республикасы ІІМ Малкеджар Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының Кәсіптік және қосымша білім беру факультеті институт оқытушылары, біліктілікті арттыру курсының (патрульдік полиция) тыңдаушылары мен алғашқы арнайы оқу тыңдаушыларының арасында шағын футболдан жарыс ұйымдастырды. Іс — шараның басты мақсаты–дене шынықтыру дайындығын дамыту және спорттық рухты көтеру.

Факультет бастығының м.а., полиция майоры Ерлан Қуанышұлы Балымов құттықтау сөзінде полиция қызметкерлері заман талабына сай, сауатты және білімді, дені сау, шымыр болуы керектігін айтып, қатысушыларға табыс, сондай-ақ әділ және қызықты ойын тіледі.

Ойын қорытындысы бойынша факультет кубогінің жеңімпаздары мен иегерлері арнайы бастапқы оқыту курсы тыңдаушыларының командасы болды, екінші орынды біліктілікті арттыру курсы тыңдаушыларының командасы, үшінші орынды институт оқытушылары иеленді.

Осындай сабақтарды болашақта да өткізу жоспарланып отыр.

 
DSC_0087 IMG_4121 IMG20180914121821 IMG_2401 IMG_2806