Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Отан қорғаушылар күніне және Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 74-жылдығына арналған салтанатты іс-шара

6.05.2019

2019 жылы 6 мамырда Қазақстан Республикасы ІІМ М. Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының әйелдер ұжымы Отан қорғаушылар күніне және Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 74-жылдығына арналған салтанатты іс-шара өткізді. Салтанатты шара Ақтөбе қаласы МКҚК «Облыстық Достық үйінде» өтті, онда институт қызметкерлері Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің және институт бастығының бұйрығымен марапатталды.

Институт бастығы, полиция полковнигі Ә. М. Сайтбеков құттықтау сөз сөйлеп, ҚР ІІМ медальдары мен Құрмет грамоталарын табыс етіп, ардагерлерді, профессорлық-оқытушылық құрамды, курсанттар мен шақырылған қонақтарды Отан қорғаушылар күнімен және Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күнінің 74-жылдығымен құттықтап, жас ұрпақты патриоттық тәрбиелеуде осы айтулы даталардың маңызын ерекше атап өтті.

Мерекелік іс-шараға ІІО ардагерлері, «Нұр-Отан» партиясы қалалық мәслихатының депутаты Ю.В. Гончаров, Ақтөбе қаласы әкімдігінің Жастар ресурстық орталығының жетекшісі Ж.М. Тобылғанов және Ф.Оңғарсынова атындағы №41 орта мектеп-гимназиясының кадет сынып оқушылары шақырылды.

Көрермендер әр композицияны қол шапалақ пен қарсы алып, «Әлия», «Катюша» сияқты әндер мен соғыс кезіндегі басқа да көптеген әндер шырқалды. Концерттің соңында институт хоры мен полицияның аға лейтенанты Бекжан Сабыржанұлы Елеусизовтың орындауында Ескендір Хасановтың «Атамекен» әні шырқалды.

Институт әйелдер кеңесі

 
DSC_0305 DSC_0040 IMG_9578 IMG_9871 SAM_3073